22.12.2008, 09:47 1722

Павлодар облысында құрылысына 30 млн теңге жұмсалған хоккей кортының орнында бос алаң тұр

Павлодар облысында құрылысына 30 млн теңге жұмсалған хоккей кортының орнында бос алаң тұр

Павлодар. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өткен сенбіде облыстағы жұмыс сапары барысында Баянауыл ауданының Майқайың ауылындағы хоккей кортының құрылысына қатысты қатаң сын айтты: құрылысына 30 млн теңге жұмсалған хоккей кортының орнында оған бос алаңды көрсеткен, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ресми құжатқа сай, нысанның құны 30 млн теңгені құрайды. Бүгінгі жағдаймен мердігер фирма 15 млн теңгені игерген.

Облыс әкімі мердігердерден корттың қайда екенін, ақшаның қайда жұмсалғанын сұрады. "Ақша тағы да жоқ болып кетті, бұл неғылған тәлкек?", -деп ашуланды Б. Сағынтаев.

Ал мердігерлік ұйым - "Ерболат+Д" компаниясының жетекшісі Ерболат Ордабаевтың айтуынша, бұл нысандағы құрылыс жұмыстары шілде айында ғана басталған. Тек алаңға асфальт төсеуге 6 млн теңге жұмсалған.

"30 млн теңгеге біз 30 корт сала аламыз, жобаға қол қойған кезде біздің экономистер мен қаржыгерлер қайда қараған. Бізге мұндай корт қажет емес", - деп мәлімдеді облыс әкімі. Ол осы оқиға бойынша жуырда мұқият тексеру жүргізілетінін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны