14.09.2016, 18:43 3689

Павлодар облысында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерініӊ жәрмеӊкесі өтті

Павлодарда алғаш рет оӊтүстік тұрғындары үшін бос орындар жәрмеӊкесі бейнеконференция түрінде өткізілді.

Шымкент. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өӊіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша берілген Елбасыныӊ тапсырмасын орындау мақсатында алғаш рет 11 қыркүйекте Павлодар облысында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерініӊ жәрмеӊкесі өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Бұған дейін екі аймақ арасында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік-экономикалық бағыттарда өзара тиімді қарым-қатынас негізінде меморандумға қол қойылғаны белгілі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ ұйымдастыруымен өткен жәрмеӊке болашақта өӊірлер арасында тиімді серіктестік орнатуға ықпалын тигізбек. Жәрмеӊкеге облыстыӊ 15-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Оӊтүстікқазақстандық дихандар көкөніс, бау-бақша мен жеміс жидек өнімдерін жәрмеӊкеде нарықтағы бағадан 20-25 пайыз төмен бағада павлодарлық тұрғындарға саудалады. Диханшылардыӊ айтуынша, қойылған барлық ауыл шаруашылығы өнімдері санаулы сағаттарда сатылған. Бұл еӊ алдымен, ұсынылатын өнімніӊ сапасы мен тиімді бағасына байланысты. Аталған жәрмеӊке Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқын азық-түлікпен, соныӊ ішінде, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде негізгі орталық екенін тағы да дәлелдеді.

Сонымен қатар, Павлодар облысында еӊ тапшы мамандықтардыӊ арасында мал дәрігерлері, механизаторлар, электриктер ғана емес, ағылшын тілі, математика пәндерініӊ ұстаздары да қажет. Бұдан басқа ауылдарда дәрігерлер қажет. Олардыӊ арасында эндокринолог, тіс дәрігерлері, кардиолог дәрігерлері бар. Павлодарда алғаш рет оӊтүстік тұрғындары үшін бос орындар жәрмеӊкесі бейнеконференция түрінде өткізілді.

- Бүгінгі күні жеті ауылдық округінен 41 жұмыс беруші 227 бос орын туралы хабарлады. Олар республиканыӊ оӊтүстік өӊірлерініӊ тұрғындарына өз кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарынан бос жұмыс орындарын ұсынды. Осы жылы біз ОҚО-на барып, 400 адамға кеӊес жүргізген болатынбыз. Ал қазан айында еліміздіӊ оӊтүстік аймақтарына облысымыздыӊ шаруа басшылары барады, - дейді Павлодар облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысыныӊ орынбасары Хелуа Кашкенова. Айта кетерлігі, барлық шаруа қожалықтары өз жұмысшыларын баспанамен қамтып, толық әлеуметтік пакет ұсынады және 80 мыӊнан астам жалақы төлейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны