07.06.2011, 11:38 3698

Павлодар облысында радиациямен уланған балықтар тәркіленді

"Екібастұз қаласының тұрғынынан тәркіленген балықта радиоактивті заттардың мөлшері қалыпты шамадан 2,5 есе артық болды", - деді Б. Мағзұмова.

Павлодар. 7 - маусым. Kazakhstan Today - Павлодар облысында радиациямен уланған балықтар тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Павлодарда полиция қызметкерлері адам денсаулығына қауіпті 435 кг балық тәркіленген. Бұл туралы Павлодар облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Баян Мағзұмова хабарлады.

"Екібастұз қаласының тұрғынынан тәркіленген балықта радиоактивті заттардың мөлшері қалыпты шамадан 2,5 есе артық болды", - деді Б. Мағзұмова.

Б. Мағзұмованың ақпараты бойынша, адам денсаулығына қауіпті тұқы мен табан балықтар Ақсу қаласы канализациялық суларынан құрылған көлде ауланған.

"Бұл көлден балық аулауға тыйым салынады", - деп ескерді Б. Мағзұмова.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тергеу алды тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны