06.02.2007, 17:49 3375

Павлодар облысында шөп өртену оқиғалары жиілеп барады

ПАВЛОДАР. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодар облысында қаңтарда 15 шөп өртену оқиғасы тіркелген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Біздің мамандарға белгілі болғандай, шөптің өртенуінің басым себебі - қасақана өртеу",- деді баспасөз қызметіндегілер.

Өртеу салдарынан қаңтарда 120 тонна шөп өртенген. "Жеке шаруашылық үшін 2 - 3 тонна шөптің өртенуі көп шығын емес, ал ірі шаруашылықтар үшін барлық жем қорын жоғалту үлкен апатпен парапар",- деді облыстың өрт сөндіру қызметінің анықтау бөлімінің бастығы Даир Мушкенов.

Шөптерді түріне байланысты өртену салдарына келген шығынның да өзіндік бағасы бар. Яғни, облыстық ауылшаруашылық департаментінің мәліметтері бойынша, бір тонна шалғын шөп 2 мың теңге, бір тонна қыр шөбі - 4 мың теңге тұрады. Барлық өртенген шөптің бағасы 500 мың теңгедей болып отыр.

"Біздің мәліметтерге сүйенсек, өрттің басым себебі - шаруашылық иелері өз міндеттерін бұзуы немесе көршілерімен келіспеушілікке байланысты туындайтын шаруалар мен шаруашылық иелерінің арасындағы кикілжіңнің кесірі",- деді Д.Мушкенов.

Сонымен қатар, өрт абайсыздықтан да шығады. Д. Мушкеновтың ақпараттарына сүйенсек, абайсыздықтан және өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан жалпы бағасы 650 мың теңгеден астам 180 тоннадай шөп өртенген.

"Көптеген жағдайда өрт облыстың ірі шаруашылықтарда шыққан, біз кінәлілердің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 256-бабы бойынша жазаланатындығына сенімдіміз",- деді өрт сөндіру қызметінің анықтау бөлімінің бастығы.

Павлодар облысының өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, мұндай өрт салдарынан құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны