12.07.2010, 14:34 3942

Павлодар облысында сібір жарасына қатысты енгізілген крантин тоқтатылды

Науқастармен байланыс жасаған адамдар саны 119 адамға жеткен. Барлығы ауруханаға 7 адам жатқызылып, екі адам көз жұмған. Оның төртеуінде "сібір жарасы" диагнозы ресми түрде расталған. Екі науқас көз жұмған. Олар тиісті талаптар мен ережелерге сәйкес жерленген. Байланыста болған 119 адам тиісті емдеу курсынан өтті", - деп айтылған баспасөз баянында.

Павлодар. 12-шілде. Kazakhstan Today Павлодар облысының Жолқұдық ауылдық округінде Ақсу қаласы әкімінің бұйрығымен бүгін сібір жарасының таралуына қатысты енгізілген крантин тоқтатылды. Бұл туралы арнайы өткізілген баспасөз мәслихаты барысында облыс басшысының орынбасары, сібір жарасының таралуының алдын алу жөніндегі штабтың төрағасы Александр Вербняк жариялады.

Науқастармен байланыс жасаған адамдар саны 119 адамға жеткен. Барлығы ауруханаға 7 адам жатқызылып, екі адам көз жұмған. Оның төртеуінде "сібір жарасы" диагнозы ресми түрде расталған. Екі науқас көз жұмған. Олар тиісті талаптар мен ережелерге сәйкес жерленген. Байланыста болған 119 адам тиісті емдеу курсынан өтті", - деп айтылған баспасөз баянында.

А. Вербняк, "қазір ауруханада 5 адам жақандығын" еске сала кетті. Оның айтуынша, олардың жағдайлары қанағаттанарлық және де олар жуық арада ауруханадан шығарылады.

Естеріңізге сала кетейік, сібір жарасының таралуына байланысты ҚР ҚК 280 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 маусымда түнгі сағат 02.30-да Павлодар облысының Ақсу ауданының Жолқұдық ауылдық округының Қаракөл және Ребровка ауылдарында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен 4 адам ауруханаға жатқызылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны