04.01.2008, 15:40 4989

Павлодар облысында соңғы 39 жылда ең төменгі температура тіркелді

Павлодар облысында соңғы 39 жылда ең төменгі температура тіркелді

Павлодар. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында соңғы 39 жылда ең төменгі температура тіркелді. Бүгін түнде термометр деңгейі Цельсий көрсеткіші бойынша 41 градусқа төмендеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ауа- райын болжау қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бұл аймақта қаңтар айында осы жылдар ішінде бақыланып жүрген ең төменгі температура ", - деп хабарлады облыстық гидрометеорология қызметінің қысқа мерзімді болжау тобының жетекшісі Галина Шпак.

Ауа температурасының күрт төмендеуінен Павлодар облысының ТЖ департаменті колледждер мен лицейлердің бірінші курс оқушыларының дәрістерін өткізбеу жөнінде шешім қабылдады. Сондай-ақ, халықаралық бағытымен жол жүретін рейстерге тыйым салынды.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, қазіргі кезде облыста 36 градус аяз тіркелді. Ауа- райын болжаушылардың айтуынша, түнде ауа температурасы 35-40 градусқа дейін төмендейді деп отыр.

Ауа-райын болжау қызметінің мәліметтері бойынша, аяздың күшеюіне арктикалық суық желдің соғуы себеп болған. Антициклонның орталығы Павлодар облысына түскен.

Г. Шпак атап өткеніндей, облыс территориясында қатты аяз кемінде 2-3 күн тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны