13.05.2014, 20:40 1456

Павлодар облысында соңғы 3 жылда бала өлімі отыз пайызға қысқарды

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нұрлан Касимов "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының Павлодар облысында дамуы туралы мәлімдеді.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нұрлан Касимов "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының Павлодар облысында дамуы туралы мәлімдеді.

Оның мәліметінше, 2014 жылдың 1 сәуірі жағдайы бойынша облыста Денсаулық сақтау министрлігінің 373 медициналық нысана және жеке меншік 81 субъекті қызмет етеді.

Акушерлік мәселені шешу үшін өңірде біруақытта босануды жүргізу техникасын пысықтаумен практикалық дағдыны бағалау бойынша облыстық оқу орталығы құрылды. Осы орталықта бір жыл ішінде 250 маман практикалық дағдыларын (оқыту курсы) жетілдірді.

Соңғы 3 жылда облыста бала өлімі 37,6% төмендеді. 2013 жылы осы көрсеткіш 1000 аман туған сәбидің 8,43 құрады, ал 2011 жылы осы көрсеткіш 13,51 (2012ж.-9,25) болатын. 2012 жылдан бастап облыстағы сәби өлімі еліміз бойынша ең аз көресткішті құрады.

Жалпы өлім 2013 жылы 10,05% құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 7,1% азайған.

Туу 2,2% өскен және 1000 адамға 17,78 құрайды (2012 жылы - 17,39). Табиғи өсім 17,6% жоғарлады және 2012 жылмен (6,57) салыстырғанда 7,73 жоғарлады.

Айта кетейік, "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында басымдыққа ие бағыттардың бірі - мидың өткір қанайналымының бұзылу салдарынан халықтың өлімі мен мүгедекке шалдығуын төмендету болып табылады. Осы санаттағы науқастарды емдеуді жетілдіру үшін қалалық №1 ауруханада, Павлодар қ. ЖМКА және Екібастұз қаласы ауруханасы базасында инсульт орталықтары ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны