28.02.2007, 17:55 6663

Павлодар облысында тұмаумен ауыру деңгейі төмендеді

ПАВЛОДАР. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодар облысында тұмаумен ауыру деңгейі төмендеді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау департаментінен.

"Бүгінде біз тұмаумен ауыру деңгейінің тұрақты төмендеу беталысы туралы айта аламыз",- деді облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау департаментінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қажағалау бөлімінің бастығы Владимир Чуклинов.

"Медициналық мекемелердегі қазіргі уақытқа дейінгі карантин мен халықты тұмауға қарсы егуге қатысты науқан эпидемияны тоқтатып қана қоймай, тіптен біздің жақын көршілеріміз - Ресей аймақтарымен салыстырғанның өзінде айтарлықтай төмен көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берді",- деп атап өтті ол.

Эпидемиологтардың мәліметтеріне сүйенсек, тек өткен аптаның өзінде тұмаумен ауыру жағдайы 8 пайызға, ал өткір респираторлық вирусты індет пен өткір респираторлық дертке шалдығу 25 пайызға төмендеген. Бүгінгі күнде өткір респираторлық вирусты індетке шалдыққандар саны 46 мыңнан астам болса, олардың 5 мыңнан астамы тұмаумен ауырғандар.

"Бір жағынан, аймақтағы 50 мыңдай тұрғынның тұмаумен ауыру жағдайы тіркелген 2004 жылғы мәліметтермен салыстырғанда - бұл жылғы көрсеткіш төмен, ал екінші жағынан, мысалы, өткен жылғы мәліметтер таңқаларлықтай төмен, яғни республика бойынша "тұмау" диагнозы небәрі 532 қазақстандыққа қойылған. Осы мәліметтерді талдай отырып, келесідей қорытынды жасауға болады: аймақ, тіптен жалпы республикадағы ахуал тұмаумен аурудың жалпы әлемдік жағдайына байланысты",- деген сенімде В. Чуклинов.

Облыстың бас эпидемиологы, бүгінгі күні "тұмау" диагнозы аймақтың тұмауға қарсы егілген 33 мың тұрғынының бірде- біреуіне қойылмаған. Дегенмен, "бұл республика бойынша тұмаудың бірінші толқыны болды, сондықтан да вакцинациялау науқанын "өте жақсы" деп бағалау әлі ерте", деп санайды. Сонымен қатар, В. Чуклинов бүгінде тұмаудың асқынуы салдарынан бірде бір адам шығыны тіркелмегендігін атап өтті. "Бұл вакцинациялау науқанын жалғастыру және тұмауға қарсы егілгендер санын көбеуту қажеттігі туралы айтады",- деп түсіндірді ол.

В. Чуклиновтың ақпараттарына сүйенсек, осы жылы тұмаумен науқастанғандардың 60 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар. "Аймақ мектептеріндегі өткен карантин өзінің оң нәтижесін берді - мектеп оқушыларының арасындағы тұмауға шалдығу деңгейі төмендеді, бірақ балалар үшін тұмаудың асқыну қаупі қала береді",- деп қорытындылады ол.

Қазір облыс эпидемиологтары тұмау вирусының екінші толқынын күтуде. Болжалды мәліметтер бойынша, тұмау наурыз айының басында немесе ортасында бой көтеруі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны