09.11.2007, 18:03 3626

Павлодар облысында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу мүмкіндігі кеңейеді

Павлодар облысында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу мүмкіндігі кеңейеді

Павлодар. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу мүмкіндігі кеңейеді. Бұл туралы Павлодар облысының ішкі саясат департаментінің директоры Күлжан Ахметова аймақтың қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Облыс әкімі Қайрат Нұрпейісовтың келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру барысында үкіметтік емес ұйымдар үшін әлеуметтік тапсырыстар қарастыру туралы берген тапсырмасы бар, біздің құрылым бұл тапсырманы орындайды",- деп мәлім етті К. Ахметова. Ол сондай-ақ журналистерге аймақ басшысының тапсырмасының орындалуының нәтижесі жақын уақытта - 2008 жылға арналған бюджетті нақтылау барысында белгілі болатындығын хабарлады.

Департамент директорының айтуынша, Павлодар облысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым жұмыстарының жеткілікті оң тәжірибелері жинақталған. Қазіргі уақытта 20-ға жуық үкіметтік емес бірлестіктер Павлодардың қалалық әкімшілігінің департаменттерімен және бөлімдерімен әртүрлі салаларда ынтымақтастық жасауда.

"Егер біз өзімізде үшінші секторды дамытқымыз келсе, онда қоғамды нақты істерге көбірек тартып, осы мақсаттарға іс-жүзінде қаржы бөліп, олардың жұмыстарының нәтижелеріне нақты баға беру қажет - біздің үкіметтік емес ұйымдарымызды дамытудағы кепілдігіміз осында жатыр",- деп атап өтті К. Ахметова.

Оның айтуынша, енді әртүрлі бағдарламалар әзірлеу барысында администраторлар білім беруден бастап жұмыссыздықпен күрес проблемаларына дейінгі әртүрлі салаларда үлкен тәжірибелері бар үкіметтік емес ұйымдарының жұмыстарын да ескеретін болады.

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, Павлодар облысында онкологиялық науқастарды күту хосписін ашқын "Солярис" қоғамдық бірлестігі бірнеше жылдан бері мемлекеттік тапсырысты ойдағыдай атқарып келеді. Тағы бір үкіметтік емес ұйым - "Жалғыз басты аналарды қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігі өкпе аурумен ауыратын павлодарлықтарға арналған қоректендіру асханасын ашқан. Сонымен қатар, қоғам өкілдері ұйымдастырған "Самал" сауықтыру орталығы үстіміздегі жылы балалардың церебральдық сал ауруымен науқас балаларды сауықтыруға мемлекеттік тапсырысты ұтып алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны