27.05.2008, 15:54 3054

Павлодар облысында заңсыз ағаш кесуден келген шығын 53 млн теңгені құрады

Павлодар облысында заңсыз ағаш кесуден келген шығын 53 млн теңгені құрады

Павлодар. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бергі Павлодар облысында заңсыз ағаш кесуден келген шығын 53 млн теңгеден асып кетті. Бұл туралы кеше облыс әкімдігінің аппараттық жиналысында аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ибілмәжіт Сәбитов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жыл басталғалы бері "Ертіс Орманы" табиғи қорығының аумағында өз еркімен ағаш кескен 117 оқиға тіркелген. Шығын 53,3 млн теңгені құрады", - деп атап өтті А. Сәбитов. Оның айтуынша, 2 160 текше метр ағаш тәркіленген. Аталмыш оқиғалардың материалдары құқық қорғау органдарына тергеуге жіберілген.

Басқарма бастығы заңсыз ағаш кесуге негізінен бұрын өрт болған жерлер ұшыраған. Алайда бұл мәліметтер облыстық басшылықта кейбір күдіктерді туғызды.

"Мен браконьерлер өртенген орманды ұрлайды дегенге сеніңкіремеймін. Олардың жасыл ағаштарды көздейтіні бесенеден белгілі. Сондықтан, жағдайды нақты бақылауға алып, тиісті жазалар беру керек", - деп атап көрсетті облыс әкімінің орынбасары Александр Вербняк. Ол прокуратура мен ішкі істер департаментіне осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, келтірілген цифрларды тексеруге тапсырма берді. "Тіпті заңсыз арақ сатқанға да соттайды. Ал ағаш ұрлағандарға ештеңе жасалмайды", - деп атап көрсетті ол.

Жиналыста сонымен қатар, орман өрттерінің алдын алу мен онымен күресу үшін қабылданған шаралар жайлы мәселе қаралды. Орман жәе аң шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, негізгі ормандағы өрт азайған. Өткен жылдың осындай мезгілімен салыстырғанда, өрт салдарынан жойылған орман аумағы 830 гектарға азайған.

"Біз барлық күшімізді облыс орманындағы жағдайды өз бақылауымызда ұстап, ірі өрттерді болдырмауға жұмылдырамыз. Барлық ауылдық округтердің әкімдеріне тиісті хат жөнелтілген, жаттығу жиындары өткізілген", - деді облыстық мемлекеттік өрт сөндіру қызметі департаменті бастығының міндетін атқарушы Алдаберген Қарабалин.

Оның айтуынша, орман өрттері бола қалған жағдайда мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінде 13 арнайы техника мен 35 жеке құрам тұрақты дайындықта тұр. "Қажет бола қалған жағдайда өрт сөндіру үшін қосымша күш жіберілетін болады", - деп атап көрсетті А. Қарабалин.

Өңірде соққан қатты желдердің нәтижесінде ондаған ірі өрт болып, адамдар қайтыс болған өткен жылдың қателіктерін ескере отырып, облыс әкімінің орынбасары А. Вербняк халықты алдағы ауа-райының бұзылы жайында жедел хабарландырып отыруға және адамдарға өрт қауіпсіздігі ережесін оқыту жұмыстарын қайта жандандыруға тапсырма берді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 2 мамырында Павлодар облысында бірнеше елді мекен қатты соққан желдің салдарынан қатты бүлінген. Жиырмадан астам отбасы баспанасыз қалған. Оның үстіне, Чалдай қарағай орманындағы өрт сөндіру жұмыстарының барысында екі адам қаза тапқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны