30.04.2010, 15:32 6603

Павлодар облысында жетінші сынып оқушысы өзін-өзі өлтірді

Павлодар облысында жетінші сынып оқушысы өзін-өзі өлтірді

Павлодар. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Павлодар облысының Иртышск ауылында жетінші сынып оқушысы өзін-өзі өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today аудандық білім бөліміне сілтеме жасап.

Мұғалімдердің хабарлауынша, төтенше оқиға 27 сәуірде болған. Жетінші сынып оқушысының мәйітін кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар Ертістің жағалауына таяу жердегі ескі кемежайдан тапқан. Бала ағашқа асылып өлген. Тәртіп сақшылары оның өзіне-өзі қол жұмсау себептерін анықтап жатыр. Аудандық білім бөлімінің төрайымы Жұлдыз Иманжапарованың хабарлауынша, бала өлерінің алдында қағаз жазып қалдырмаған. Алайда, расталмаған ақпаратқа сәйкес, оқушыдан оның құрдастары ақша бопсалап, егер айтқанды орындамаған жағдайда өлтіреміз деп қорқытқан-мыс. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Дегенмен, ұстаздардың айтуынша, бала ұжыммен жақсы қарым-қатынаста болған, "отбасында мұқтаждық көрмеген".

Аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, бұл оқиғадан кейін облыстық білім басқармасы ауданға балалармен жұмыс жүргізу үшін психологтар тобын жіберді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны