03.10.2011, 15:16 3414

Павлодар облысында жыл аяғына дейін АӨК 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Желтоқсан айының соңына дейін жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Павлодар. 3-қазан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында жыл аяғына дейін агроөнеркәсіптік кешенде 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Желтоқсан айының соңына дейін жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұлар "Победа" ЖШС 400 бас малға арналған сүт фермасын қайта жабдықтау, облыс аудандарында алты көкөніс қоймасын салып, заманауи құрылғылармен жабдықтау, үш мал соятын орын салу, екі бордақылау орындарын модернизациялау, "БК-сельхоз" ЖШС кіші жылыжайын салу",- деп айтылған таратылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны