03.10.2007, 13:54 2708

Павлодар облысында жол жұмыстарын жүргізу барысында Қытай азаматы мерт болды

Павлодар облысында жол жұмыстарын жүргізу барысында Қытай азаматы мерт болды

Павлодар. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының Қышыр ауданында жол жұмыстарын жүргізу барысында Қытай азаматы мерт болды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясынан.

Төтеншеа жағдай өткен дүйсенбіде болған. "39 жасар Хунз Хонг Вонг аудандық аурухананың жансақтау бөліміне ауыр жағдайда келіп, есін жимастан көз жұмды",- деді мемлекеттік еңбек инспекторы Құсайын Исенов.

Қ. Исеновтың айтуынша, Павлодар облысында Қытай Халық Республикасының екінші азаматы қайтыс болды. Ол, 15-маусымда электролиз зауытында қытай тілінің аудармашысы болып жұмыс істейтін 29 жасар Ван Юн Вей мерт болғандығын еске сала кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны