04.10.2007, 14:16 3228

Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларының саны азайды - Ішкі істер департаменті

Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларының саны азайды - Ішкі істер департаменті


Павлодар. 4 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында жол-көлік оқиғалары көлемінің сәл азайғандығы байқалуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Павлодар облысының ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2007 жылдың басынан бері қарай облыста 380 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес мезгілінде олардың саны 369-ды құраған еді. Бұлай төмендеуді полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстардың жақсарғандығымен түсіндіруде. "Облыста көліктердің саны шамамен алғанда 10 мың машинаға өсті. Автоинспекторлардың күнделікті жұмысы кезінде жол-көлік оқиғаларының саны өсуі керек еді. Алайда, кең ауқымды акциялар, арнайы шаралар және көптеген тексерулер жол полициясына биылғы жылғы авариялардың өсу санын тоқтатуға мүмкіндік берді. Бұл төмендеу үрдісі жыл соңына дейін сақталады деп үміттенеміз", - деп жағдайға түсінік берді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Оның айтуынша, жолдағы оқиғалардан көз жұмушылар саны да азайған. Биылғы жылдың 9 айы ішінде 124 адам қайтыс болған. Ал, 2006 жылы дәл осындай уақыт аралығында 146 адам бақилық болған.

Сонымен бірге, департамент қызметкерлері жол-көлік оқиғалары салдарынан әртүрлі деңгейдегі жарақат алушы азаматтар саны өсіп келе жатқанын атап көрсетті. 2006 жылы облыс жолдарында 462 адам зардап шексе, 2007 жылы 518 адам жарақат алған. Баспасөз қызметі түсіндіргендей, жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шегушілер арасынан ауыр жарақат алушылар жиі кездесе бастаған. "Мұның ең басты себебі, желікпелік және өз денсаулығына деген немқұрайлы қатынас. Оның үстіне қазір көбінесе тек өмірді ғана емес, денсаулығыңды да сақтап қалатын қауіпсіздік белбеуін тақпау күнделікті жайтқа айналды. Жүргізушілер мұнПавлодар. 4 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында жол-көлік оқиғалары көлемінің сәл азайғандығы байқалуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Павлодар облысының ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2007 жылдың басынан бері қарай облыста 380 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес мезгілінде олардың саны 369-ды құраған еді. Бұлай төмендеуді полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстардың жақсарғандығымен түсіндіруде. "Облыста көліктердің саны шамамен алғанда 10 мың машинаға өсті. Автоинспекторлардың күнделікті жұмысы кезінде жол-көлік оқиғаларының саны өсуі керек еді. Алайда, кең ауқымды акциялар, арнайы шаралар және көптеген тексерулер жол полициясына биылғы жылғы авариялардың өсу санын тоқтатуға мүмкіндік берді. Бұл төмендеу үрдісі жыл соңына дейін сақталады деп үміттенеміз", - деп жағдайға түсінік берді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Оның айтуынша, жолдағы оқиғалардан көз жұмушылар саны да азайған. Биылғы жылдың 9 айы ішінде 124 адам қайтыс болған. Ал, 2006 жылы дәл осындай уақыт аралығында 146 адам бақилық болған.

Сонымен бірге, департамент қызметкерлері жол-көлік оқиғалары салдарынан әртүрлі деңгейдегі жарақат алушы азаматтар саны өсіп келе жатқанын атап көрсетті. 2006 жылы облыс жолдарында 462 адам зардап шексе, 2007 жылы 518 адам жарақат алған. Баспасөз қызметі түсіндіргендей, жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шегушілер арасынан ауыр жарақат алушылар жиі кездесе бастаған. "Мұның ең басты себебі, желікпелік және өз денсаулығына деген немқұрайлы қатынас. Оның үстіне қазір көбінесе тек өмірді ғана емес, денсаулығыңды да сақтап қалатын қауіпсіздік белбеуін тақпау күнделікті жайтқа айналды. Жүргізушілер мұны тіпті ұмытуға айналды", - деп атап өтті Жанна Белялова.

Алайда, ресми емес мәліметке сүйенсек, облыста жол-көлік апатының саны өскен. Көбінесе кішігірім жол-көлік апаттары орын алған жағдайларда облыс тұрғындары дәрігерлер мен жол полициясының қызметкерлерін шақырмайды. Мәселені сақтандыру компанияларының қызметіне жүгінбестен "келісу" арқылы шешуді дұрыс көреді.



Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны