10.10.2007, 17:51 3060

Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде пошта байланысы бөлімінің жаңа ғимараты ашылды

Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде пошта байланысы бөлімінің жаңа ғимараты ашылды.

Павлодар. 10-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік пошта күніне орай Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде пошта байланысы бөлімінің жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық бөлімшесінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодар ауданының Красноармейка аулындағы жаңа ғимарат облыста пошта бөлімшесіне арналып бірінші рет салынып отыр.

"Бұл жерде тұтынушылар үшін де, пошта қызметкерлері үшін де ең ыңғайлы жағдай жасалған, компьютерлер, факс пен көшірме құралдары секілді әдеттегі құралдармен бірге дүниежүзілік Ғаламтор желісіне де қосылу бөлімшесі бар",- деп атап өтті "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық бөлімшесінің директоры Амангелді Меңдібаев агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазір Павлодар облысында тағы 10 ауылдық пошта байланысының ғимараты салынуда, олар алдағы жарты жылда пайдалануға беріледі.

"Бұл компанияның саясаты, 21-ші ғасырда пошта Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қажетті байланыс құралы болып қала бермек, демек, ол уақыт талаптарына сай болуы керек, бүгінде ауыл үшін қоршаған әлеммен байланыста болу тіптен қажет", - деп мәлім етті А. Меңдібаев.

Пошта қызметшілерінің мәліметтеріне сүйенсек, бәрінен де ауыл тұрғындары мекеме жұмысына тәуелді. Бүгінде ауылдық бөлімшеде әдеттегідей хат пен газет тасымалдаудан басқа да бюджеттік саладағы жұмысшыларға айлық және зейнетақы тарату, сондай-ақ банк несиелерін беру мен тауарларды жедел жолдау жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны