20.02.2015, 22:01 4361

Павлодар облысындағы ержүрек қыздыӊ батыл әрекеті

Сол күні 2015 жылғы 20 ақпанда басы ауырып мектепке бармай, үйде қалды. Сағат 12-лер шамасында жолдыӊ арғы жағындағы көршілер есік қағып, бір жерге асығып кетіп бара жатқандықтарын және көрші үйден түтінніӊ иісі келгенін хабарлады.

Павлодар. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Ленинский кентіндегі №33 орта мектептіӊ оқушысы Зейнеп Жанболатқызы Кабылбек батыл әрекет жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сол күні 2015 жылғы 20 ақпанда басы ауырып мектепке бармай, үйде қалды. Сағат 12-лер шамасында жолдыӊ арғы жағындағы көршілер есік қағып, бір жерге асығып кетіп бара жатқандықтарын және көрші үйден түтінніӊ иісі келгенін хабарлады.

Зейнеп ойланбастан өрт сөндіру бөліміне хабарласып, өрт туралы хабарлады. Содан соӊ өрт сөндірушілердіӊ келгенін күтпей, жанып жатқан үйге қарай жүгіреді. Онда жабық пәтерде қалған кішкентай төрт жасар баланы көреді.

Ол кіреберіс есікті ашпақ болып, жұдырығымен есікті соққылайды. Есікті бірінші реттен ашуға мүмкін болмады. Бірақ күш салып есікті ашып, қыз кішкене баланы далаға шығарды. Кейін оны өзініӊ үйіне әкелді. Бала қатты шошып қалған. Зейнептіӊ айтуынша, баланыӊ жүрегі айныған. Ол оны жұбатып, жуындырып, сүт берді. Бірнеше минуттан соӊ оқиға орнына екі АЦ ӨСБ-33 кезекші қарауылы және АЦ МӨСБ-1 бөлімшесі, ММ 8 қызметкері келіп жетті.

Шақырту орнына сағат 12.08-де жеткенде екі пәтерлі тұрғын-үйдегі үш бөлмелі пәтердіӊ жатын бөлмесінде 5 м2 аумағында пластикалық терезеге өтіп, төсек орныныӊ жанғаны анықталды. Апаттар медицинасы орталығыныӊ бригадасы 2010 жылы туған Илихан Сұлтанғазиевті облыстық балалар ауруханасыныӊ соматикалық бөлімшесіне өртенген заттармен улану диагнозымен жатқызды.

Қарауыл бастығы Бектасов Мұрат баланыӊ өмірін Зейнептіӊ ержүрек әрекеті құтқарғанын, атап өтті. Пәтерде заттар, пластикалық терезе жанған және қатты түтіндену болғаны байқалады.

Сынып жетекші Исел Темкенқызы Қасенова және орта мектептіӊ директоры Гүлжан Бейбітқызы Шындыбаева Зейнеп көпбалалы отбасыдан шыққандығын, жақсы оқитындығы және мектептіӊ қоғамдық өміріне белсенді қатысатындығын атап өтті.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зейнепті бала құтқарғаны үшін марапаттау бойынша хат жіберетін болады.

Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны