31.03.2008, 11:53 3342

Павлодар облысындағы ормандарда өрт қаупі артатын маусым басталды: орман шаруашылықтарының қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Павлодар облысындағы ормандарда өрт қаупі артатын маусым басталды: орман шаруашылықтарының қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Павлодар. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысындағы ормандарда өрт қаупі артатын маусым басталды: орман шаруашылықтарының қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Бұл туралы өңірлік орман және аң шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасындағылар құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ресми түрде 1 сәуірден бастап мемлекеттік орман қорының аумағында өрт қаупі артатын маусым басталғаны жарияланады, алайда өрт басталып та үлгерді", -деп хабарлайды мамандар.

Басқарма мәліметінше, 28 наурыздан бастап "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында жалпы аумағы 12,5 гектар аумақта бес өрт шықты.

"Барлық өрттер қарағай орманына дала жағынан келген, резерват қызметкерлерінің дер кезінде шара қолдануының арқасында бұл өрттерді тоқтатуға, оларды орманның тереңіне қарай жібермеуге мүмкіндік туды", - деді орман шаруашылығы мен айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар саласын реттеу және қадағалау бөлімінің бас маманы Қамар Садықова. Оның айтуынша, өрттердің салдарынан Шалдай филиалында 8 гектар, Бесқарағай филиалында 4,5 гектар аумақ өртенді. Өрт сөндіруге 50 адам мен 15 техника жұмылдырылды.

Басқармадағылардың хабарлауынша, өрт қаупі артатын маусым басталуға байланысты мемлекеттік резерваттың барлық қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Сонымен бірге, таяу күндерде қарағайлы орман аумағын әуеден күзету жүмыстары басталады.

Шалдай орманымен қатар, жекелеген өрт ошақтары Ертістің жағалауындағы ормандарда да тіркелді. Алдын-ала мәліметке сәйкес, соның салдарынан Павлодар орман шаруашылығында 0,5 гектарға жуық айрықша қорғаудағы аймақ өртенді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылы Павлодар облысындағы ормандарда 91 өрт шықты. Өрт аумағы 871 гектарды, соның ішінде орманды аумақ - 577 гектарды құрады. Шығын көлемі 49 млн 729 мың теңгені құрады. Былтыр 2 мамырда Шалдай орманында қатты желден шыққан қуатты өртті ауыздықтауға қатысқан "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерватының екі қызметкері қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны