23.05.2018, 16:25 5263

Павлодар облысыныӊ 80 жылдығына және Астананыӊ 20 жылдығына орай Павлодар музыкалық колледжі есеп беру концертін өткізді

Осы жылы концерт екі мерейтойлық датаға: Павлодар облысыныӊ 80 жылдығына және Астананыӊ 20 жылдығына арналды. Ал алда тағы бір елеулі дата - музыкалық колледждіӊ 60 -жылдығы (2019) тұр. Осы деректер барлық дайындық үдерісіне ерекше реӊк берді.

Павлодар. 23 мамыр. Kazakhstan Today - 19 мамырда Павлодар музыкалық колледждіӊ концерт залында музыкалық кешенніӊ жыл сайынғы есеп беру концерті өткізілді.

Осы жылы концерт екі мерейтойлық датаға: Павлодар облысыныӊ 80 жылдығына және Астананыӊ 20 жылдығына арналды. Ал алда тағы бір елеулі дата - музыкалық колледждіӊ 60 -жылдығы (2019) тұр. Осы деректер барлық дайындық үдерісіне ерекше реӊк берді.

Мерейтойлы оқу жылыныӊ маӊызды оқиғалары туралы айту, барлық музыкалық ұжым мен көптеген жас музыканттарды - солистерді - облыстық конкурстардан халықаралық конкурстарға дейінгі әртүрлі байқаулардыӊ лауреаттарын көрсету - сияқты қиын міндеттер сценарий құрушылар "Фортепиано"бөлімініӊ басшысы М.Х. Колаянмен бірге бөлім оқытушыларына жүктелді.

Осы жылы концертті дайындауда бұрын соӊды болаған заманауи инновациялық технологияларға ерекше көӊіл бөлінді. Бұндай үдерісті алға қозғаушы кешен басшысы С.Қ. Сыздықов. Оныӊ бастамасымен барлық бөлімдер өз жұмыстары мен жетістіктері туралы тұсаукесерлер ұсынды, ал концерт залда Led - экран орнатылып, Е.Б. Горшкованыӊ дайындаған ("Жалпы білім беру пәндері" бөлімі) музыкалық кешенніӊ құрылымы мен жетістіктері туралы фильм көрсетілді.

Осымен концерт болатын күнге де жеттік. Колледжге кіре берістіӊ өзінде қуанышты таӊдану мен үміт атмосферасы орын алды. 10 мониторда бөлім тұсаукесерлері айналып көрсетіліп тұрды, оларды келген қонақтар: бұрын бітіріп кеткен түлектер, ардагер-ұстаздар және біздіӊ концерттерімізге үнемі келетін музыкаға құмар тыӊдармандарымыз мұқият және қызығушылық танытып қарап жүрді.

Павлодар тыӊдармандары залды ныққа толтырғаны сонша, 500 орындық залға барлық концерт көргісі келгендерді сыйғыза алмады. Кешірек келгендер концерт бойы өтетін жерлерде тұрып, салтанатты сәттерге беріліп, сахнадан шыққан әрбір дыбысты ден қойып тыӊдады.

Ал не тыӊдадық десеӊші! Концертті ҚР еӊбек сіӊірген өнер қайраткері В.П. Денисенконыӊ жетекшілігімен орыс ұлт аспаптар оркестрі ашты. Оркестр үш түрлі сипаттығы шығармаларды орындады: Н.Тілендиевтіӊ эпикалық-ауқымды симфониялық поэмасы "Махамбет" және жалынды өӊделген орыс халық әні "Валенки". Романтикалық "Симфониялық ертегісініӊ" тұсауы кесілді, авторы музыкалық кешенніӊ оқытушысы Максим Хлебов.

В.Новиковтыӊ романтикалық "Француз балладасын" орындаған 37 республикалық және халықаралық байқаулардыӊ лауреаты, осы жылдыӊ түлегі Олжас Нұрланов концерттіӊ нағыз әшекейі болып танылды.

Ұлттық оркестрді алмастыруға сахнаға "Құрмет" орденініӊ иегері В.А. Шлегельдіӊ жетекшілігімен колледждіӊ үрлемелі оркестрі шықты. Бұл ұжым жуарда ғана өздерініӊ жеке есеп беру концертін қойған, бірақ бүгін музыканттар көрермендеріне екі жаӊа шығарманы ойнады: А. Федянинніӊ "Қазахский сувенир" және А.Николаевтыӊ қазақ халық әндері тақырыбында еркін нысанды музыкалық шығарма.

Сахнаға бірінен соӊ бірі солистер шықты: биыл "Қазақстанныӊ 100 танымал тұлғасы" жобасыныӊ жеӊімпаздарыныӊ бірі атанған Алексей Лодочников (домбырамен ән айту), республикалық және халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Аполинария Богородская (фортепиано), Даурия Алтиева (вокал), Дильназ Жанкушукова (скрипка).

"Гамма - джаз" нөмірімен скрипкашылар ансамблін (жетекшісі Я.О. Касьян)және мектеп-интернатыныӊ аралас хорын ерекше жылулықпен қарсы алды (көркемдік жетекшісі Галина Савченко). Т.Кулинованыӊ "Песни мира" әнініӊ қайырмасында балалар екі тілде (қазақ және орыс) тыӊдармандарға ортаға тұрып бір-біріне қарап күлімдеуге шақырды. Балалардыӊ сыӊғырлаған дауыстарын естігенде, бізге әлемніӊ гүлденуі үшін тек достық күлімсіреу жеткілікті екені сенім тудырды.

ҚР білім ісініӊ құрметті қызметкері Я.О. Касьянныӊ жетекшілігімен камерлі оркестр Г.Холстердіӊ сюитасын орындап, бізге бірнеше минуттық ішекті аспаптар дыбысыныӊ ұлылығын сезінуге мүмкіндік берді.

Қазақ ұлт аспаптар ансамблініӊ шеруі-"Атамұра" домбырашылар ансамблініӊ орындауында тереӊ философиялық "Ақсақ құлан" күйін, Н.Тілендиевтіӊ жарқын "Жекпе-жек" күйін, "Өнеге" ансамблініӊ орындауында Дәулеткерейдіӊ "Көроғлы" күйін (жетекшісі, "Мәдениет қайраткері" Рыскүл Сабекова), қобызшылар ансамблі К.Шілдебаевтыӊ "Отан Ана" шығармасын (жетекшісі Үміт Жұмашева) орындады. Халық дәстүрлі түрде эстрадалық-джаз оркестрі мен саксофоншылар ансамблін жақсы қарсы алды (жетекшісі және дирижеры ҚР білім беру ісініӊ үздігі, ҚР мәдениет қайраткері, Алтын Адам сыйлығыныӊ лауреаты Виктор Шейкин). Аралас-құралас эстрадалық вокал екі қыздар триосын ұсынды: "Шабыт" дәстүрлі джаз үлгісіндегі және "Аруназ" фольклолық-джаз стилінде.

Концертті "Мәдениет қайраткері" Талғат Кәрімов жетекшілігімен қазақ ұлт аспаптар оркестрі аяқтады. Оркестрмен бірге халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Олеся Скорикова ән айтты.

Қорытынды нөмір - "Музыкалық білім беру" бөлімініӊ құрама хорыныӊ орындауында Мұқан Төлебаевтыӊ "Біржан мен Сара" операсынан үйлену той хоры (жетекшісі Гүлнафиз Мықышбаева), "Хор дирижерлеу" (жетекшісі Михаил Никитенко) және "Ин салу" (жетекшісіЕлена Баторшина) және қазақ ұлт аспаптар оркестрі есеп беру концертініӊ соӊғы салтанатты аккорды болды.

Риза болған тыӊдаушылар шапалақтарын ұзақ соқты. Залдан күлімдеп, жайнап шығып жатты. Яғни, музыка әрбірініӊ жанын тебірентті.

Музыктанушы

"Музыка теориясы" бөлімініӊ

оқытушысы

И.В.Черепанова

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны