23.01.2009, 16:35 2759

Павлодар облысының әкімдігі "Екібастұз судың" Сәтпаев атындағы каналға қарызының қалған бөлігін өтеу үшін 280 млн теңге аударады

Павлодар облысының әкімдігі "Екібастұз судың" Сәтпаев атындағы каналға қарызының қалған бөлігін өтеу үшін 280 млн теңге аударады

Павлодар. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының әкімдігі "Екібастұз су" компаниясының Сәтпаев атындағы каналға қарызының қалған бөлігін өтеу үшін 280 млн теңге аудара бастады. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Сәтпаев атындағы каналдың павлодарлық филиалының директоры Владимир Егер хабарлады.

"23 қаңтарда Павлодар облысының әкімдігі "Екібастұз су" компаниясының қарызы бойынша соңғы траншты аудара бастады. Яғни, берешекке қатысты мәселе толық шешімін тапты", - деді В. Егер. Оның айтуынша, қалған қарыздың көлемі 283,5 млн теңгеге тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны