30.09.2008, 16:06 6356

Павлодар облысының әкімі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды (толық нұсқасы)

Павлодар облысының әкімі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды (толық нұсқасы)

Павлодар. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының әкімі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңір атқамінерлерімен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Конституцияға сәйкес, мен Бақытжан Сағынтаевты Павлодар облысының әкіміне тағайындауға мәслихат депутаттарының келісімін алдым", -деді Н. Назарбаев.

Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған Бақытжан Сағынтаев өңірдің әлеуетін арттыруға бар күшін салатынын мәлімдеді. "Монополияға қарсы күрес агенттігінде жұмыс істеу барысында мен Павлодар облысының кәсіпорындарымен жақын таныстым, көптеген басшыларды танимын және бірлесе жемісті жұмыс істейміз деп сенемін",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздй, Б. Сағынтаев бұған дейін Қазақстан үкімет басшысының кеңсесінің меңгерушісі болып істеді. Кейінгі жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде басшылық қызметтер атқарды, 2004-2007 жылдары осы мекемені басқарды.

Павлодар облысының әкімі қызметін 2003 жылдан бері Қайрат Нұрпейісов атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны