20.05.2008, 17:42 2963

Павлодар облысының әкімі өңірді қысқа дайындау жауапкершілігін күшейтуді тапсырды

Павлодар облысының әкімі өңірді қысқа дайындау жауапкершілігін күшейтуді тапсырды

Павлодар. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының әкімі тиісті қызметтерге энергетикалық нысандарды қысқа дайындау жауапкершілігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің станциялардың, сондай-ақ, көмір өндіруші кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша павлодарлықтар біздерге айрықша әрі аса үлкен жауапкершілік жүктеледі, яғни, біз бүкіл ел үшін жауап береміз", - деп мәлімдеді бүгін әкімдіктегі отырыста Павлодар өңірінің әкімі Қайрат Нұрпейісов. Ол облыс аумағында еліміздегі негізгі энергетикалық нысандар шоғырланғанын: облыста барлық көмірдің жартысынан астамы және отандық электр қуатының 50 пайызға жуығы өндірілетінін еске салды.

"Біздің қазір қалай дайындалуымызға тек Павлодар мен Павлодар облысындағы ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріндегі жүздеген мың адамның өмірі тәуелді", - деді Қ. Нұрпейісов.

Облыс әкімінің айтуынша, "2008-2009 жылдардағы қыс маусымына дайындық мәселелері жауаптандырылған жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары жеке жауапкершілік жүктеп алуға тиіс және сұрақ соған лайықты болады".

Қ. Нұрпейісов өңірдегі электр және жылу станцияларындағы жөндеу жұмыстарын тұрақты бақылауға алуды және тұрақты есеп беріп отыруды тапсырды. Сонымен бірге, облыс әкімі қараусыз қалған электр жалғастыру желілеріне қатысты мәселелерді тез арада шешу қажеттігіне назар аударды.

"Иесіз қалған желі болуға тиіс емес, оларды тиісті рәсімдеп, тәртіпке келтіріп, энергетикалық компаниялардың басқаруына беру керек", - деді Қ. Нұрпейісов.

Өңір басшысы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті директорының міндетін атқарушы Серік Көшімбаевтың есебіне қатаң сын айтты, ол ұғымды іс-әрекеттер жоспарын таныстыра алмаған.

"Сіздің баяндамаңыз жұмыс жоспарынан гөрі қандайбір қаржылық құжатқа ұқсас, ал жұмыс жоспарында коммуналдық шаруашылық пен энергетикалық нысандардың жаңа жылыту маусымындағы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нақты қандай істер атқарылып жатқандығы айқын көрінер еді", - деді Қ. Нұрпейісов.

"Өткен қыста күрделі тауқыметсіз, дұрыс артқа тастадық деп бейқамдыққа салынуға болмайды, өңірдегі елдімекендерде энергия, жылу және су қамтамасыздығында қандай түйткілдер бар дегенге жүйелі түрде қарап, осы істі тез арада тәртіпке келтіре бастау керек", - деді әкім.

Атап айтсақ, ол мамандар назарын Екібастұзға су жіберуді қалпына келтіру қажеттігіне аударды, сондай-ақ, Ақсу қаласындағы кәріз коллекторын жаңалай бастау қажеттігін айтты. Өңір басшысы газ тарату қондырғыларына қатысты мәселелерді шешу қажеттігіне тиісті органдардың назарын аударды. 90-шы жылдары отын жоқтыққа байланысты көптеген газгольдерлердің жұмысы тоқтатылған болатын. Ыдыстарда сұйық пропан қалдықтары қалған, ол халық үшін аса қатерлі.

"Құдай сақтап, кейінгі 2-3 жылда газға қатысты ешбір оқыс оқиға болған жоқ, мен шешім қабылдап, бағдарлама бекітіп, газгольдерлерді қалпына келтіруді немесе оларды бөлшектеуді, ең алдымен пәтерлерге электр энергиясын жіберуді жолға қоюды тапсырамын", - деді әкім.

Облыс әкімі жаңа жылыту маусымына дайындық барысын өзі тікелей қадағалайтынын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны