02.07.2008, 10:39 1626

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы орталық көше Астана атауына өзгертілді

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы орталық көше Астана атауына өзгертілді

Павлодар. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының Ақсу қаласындағы орталық көше Астана атауына өзгертілді. Кеше "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық ішкі саясат бөлімінен хабарланғандай, Елорда атауына бұрынғы Бейбітшілік көшесі ие болған.

Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, көшенің атауын өзгерту туралы бірлескен шешімді қалалық мәслихат пен қала әкімі қабылдаған. Тиісті қаулы Ақсу қалалық әділет басқармасында 30 маусымда тіркелген. Жаңа көшенің ресми таныстырылымы Ақсуда Қазақстан астанасының 10 жылдығын тойлау барысында 4 шілдеде болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны