25.12.2008, 13:26 1767

Павлодар облысының Ақсу қаласының тұрғыны порнография таратқаны үшін сотталды

Павлодар облысының Ақсу қаласының тұрғыны порнография таратқаны үшін сотталды

Павлодар. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының Ақсу қаласының 46 жастағы тұрғыны порнографиялық сипаттағы контрафакт өнімдерді таратқаны үшін сотталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айыпкер бұл өнімдерді Ресейдің Челябинск қаласындағы базарлардан сатып алып, өз үйіндегі компьютермен көшіріп тарататын болған. Сыртқы қорап, жапсырмаларын да өз күшімен дайындаған. Оның әрекетінен келген шығын көлемі 900 млн жуық теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны