06.06.2008, 17:08 2822

Павлодар облысының бюджетіне қомақты көлемде кедендік төлемдер түсуі байқалуда

Павлодар облысының бюджетіне қомақты көлемде кедендік төлемдер түсуі байқалуда

Павлодар. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының бюджетіне қомақты көлемде кедендік төлемдер түсуі байқалуда, деп хабарлайды агенттік облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, облыста биылғы жылдың бес айында бюджетке аударылған кедендік төлемдер мөлшері 23 млрд 929 млн теңгені құрады. "Жоспар көлемі 122,2 % орындалды, бұл өткен жылы қазынаға түскен мөлшерден 9 млрд 161 млн теңгеге артық. Яғни, өсім көлемі 62% жетті", -деп хабарлайды КБД. Орта есеппен алғанда тәулігіне 234 млн теңге түсіп жатыр, бұл әрбір кеден қызметкеріне шаққанда 77,2 млн теңгені құрайды".

Мамандардың айтуынша кедендік төлемдер өсімінің көтерілуіне бірнеше жағдайлар әсер еткен.

"Оның бірі-сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының іскерлігінің көтерілуі болып отыр. Өткен 2007 жылдағы деректермен сәйкестендіргенде Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 64,4 пайызға ұлғайды. Ал бұл өз кезегінде кедендік төлемдердің өсуіне әсерін берген", - деп атап өтті облыстың КБД бастығы Мірлан Мұхамбетов. Кедендік ведомствосы басшысының айтуынша, өсімдер көлеміне әлемдік шикізат құнының көтерілуі әсер еткен.

"Павлодар өңірінен экспортталатын тауарлар тобына, феррохром, тас көмір, электр қуаты, құрыш тағы да басқа құрайды. Илемдік нарықта бұлардың бағалары қатты өсті. Сонымен қатар, импорт көлемі де өсті", -деп атап өтті М. Мұхамбетов.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында $3 млрд 386 млн (2007 жылдың 5 айында - $2 059 млн) жетті. Икспорт көлемі 88% ($1 млрд 559 млн) және импорт көлемі 48,5% ($1 млрд 827 млн) құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны