07.05.2008, 18:28 3549

Павлодар облысының Екібастұз қаласы мен Екібастұз ауданындағы жаңа телефон нөмірі 2008 жылдың 16 мамырында енгізіледі

Павлодар облысының Екібастұз қаласы мен Екібастұз ауданындағы жаңа телефон нөмірі 2008 жылдың 16 мамырында енгізіледі

Алматы. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 16 мамырында таңғы сағат 3.00-де Павлодар облысының Екібастұз қаласы мен Екібастұз ауданының қалааралық коды өзгеріп, осы аумақтың телефон желісі жаңа алты санды нөмірге ауысады. Павлодар облысының Екібастұз қаласы мен Екібастұз ауданының телефон нөмірі келесі ретпен теріледі: 8-718-7-ХХХХХХ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі компанияның баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі Павлодар облысының Екібастұз қаласы мен Екібастұз ауданына тіркелген 71835 халықаралық кодында жергілікті телекоммуникация желісінің абоненттік нөмірлерінің сыйымдылық ресурсы 70 мың нөмірді құрайды.

"Қазіргі уақытта нөмірлердің 90 пайызына жуығы қолданысқа енгізілген. Телекоммуникация желісін одан әрі қарай дамыту мақсатында "Қазақтелеком" АҚ Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің шешімімен Екібастұз ауданының телекоммуникация желісінің жұмысын алты санды нөмірге ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Екібастұз ауданы мен Екібастұз қаласына 7187 халықаралық коды тіркеледі. Ал қазіргі халықаралық код 71835 ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2008 жылдың 7 сәуіріндегі №120 бұйрығы негізінде қолданыстан шығарылады", - деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Павлодар облысының Екібастұз ауданының ДАМА спутниктік жүйесін пайдалану арқылы желіге қосылған абоненттерінің нөмірлері өзгеріссіз қалады. Төртқұдық ауылы - (718 42) 95100 - 95199; Көктөбе ауылы - (718 42) 95300 - 95399.

Компания нөмір ауыстырылғаннан кейін Павлодар облысының Екібастұз ауданы абоненттердің қазіргі нөмірлері келесі тәртіппен өзгеретінін атап көрсетті: "Қазақтелеком" АҚ қазіргі желілері үшін - 718-7-3ххххх ; "Қазақтелеком" АҚ желісін ұлғайту үшін - 718-7-7ххххх; басқа да байланыс операторларының желісі үшін - 718-7-2ххххх; Шідерті, Байет, Зеленая роща, Төртүй, Ақкөл, Тай, Сарықамыс, Шиқылдақ, Бесқауға ауылдарының ауылдық телефон желілері үшін - 718-7-39хххх.

"Апаттық ("01", "02", "03", "04", "051"), тапсырыстық және анықтамалық-ақпараттық екі-үш санды нөмір қызметтері ауыстырылмайды", - деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны