24.12.2008, 18:48 3854

Павлодар облыстық білім беру басқармасының бастығы тағайындалды

Павлодар облыстық білім беру басқармасының бастығы тағайындалды

Павлодар. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысы әкімінің өкімімен Гүлайым Хәлелқызы Бұханова облыстық білім беру басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Г. Бұханова 1960 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Заречное ауылында туған. Павлодар педагогика институтын математика пәнінің мұғалімі және Инновациялық Еуразиялық университетін менеджмент бакалавры мамандықтары бойынша бітірді.

Икімдіктің ақпараты бойынша, ол 1980 - 1988 жылдары Павлодар облысы Ертіс ауданының Голубовка орта мектебінде математика мұғалімі, директордың оқу ісі бойынша орынбасары болып жұмыс істеді. 1988 - 1993 жылдары Петропавловск қаласының № 42 орта мектебінде және Павлодар қаласының № 27 орта мектебінде математика мұғалімі болып істеді. 1993- 1999 жылдары - Павлодар қаласының Ильичевский ауданы білім бөлімінің бас маманы, меңгерушінің орынбасары. 1999 жылдан 2002 жылға дейін Павлодар облыстық білім департаментінің мемлекеттік стандарттар мен мониторинг бөлімі бастығының орынбасары, тіл саясаты секторының меңгерушісі, бақылау-аналитикалық және кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы болды. 2002 жылдан осы уақытқа дейін Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогика колледжінің директоры болып қызмет етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны