20.04.2020, 18:42 8014

Павлодар облысында карантин кезінде баланың тууына байланысты 240-тан астам жәрдемақы рәсімделді

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Павлодар облысында 234 әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 8 отбасы баланың тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Павлодар облысында карантин кезінде баланың тууына байланысты 240-тан астам жәрдемақы рәсімделді.

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Павлодар облысында 234 әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 8 отбасы баланың тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы "Электронды өтініштер" сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады. Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Электронды өтініштер" сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.

"Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы ана Бибігүл Баильдинова қазір жүктіліктің соңғы айларында. Карантин кезіне түскен жүктілікке байланысты жәрдемақыны рәсімдеуге Павлодар қаласының тұрғыны 1414 колл-орталығына жүгінеді, ХҚО қызметкерлері оған онлайн өтінішті қалай беруге болатынын айтып, көмектеседі. "Біз egov.kz порталы арқылы әрдайым керекті анықтаманы алып отырамыз, осы жолы карантинге байланысты құжаттарды ХҚО арқылы емес, онлайн тапсырдым. Бұл әдіс әлдеқайда ыңғайлы, өйткені мен үйден шықпай-ақ жүктілікке байланысты жәрдемақыны рәсімдедім. ХҚО қызметкерлеріне телефон арқылы толық ақпарат беріп, көмек бергендеріне алғысымды білдіремін" - дейді Бибігүл.

Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының "Отбасы" - "Бала" бөлімінде баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар. Павлодарлық Данагүл Сайлаубекова тұңғышының тууына жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Павлодар облысы бойынша филиалы барлық аналарды құттықтап, дендеріне саулық тілейді.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны