03.09.2015, 13:58 4300

Павлодар полицейлері әйелді соққыға жығу сәті түсірілген видеоныӊ "басты кейіпкерін" ұстады

Павлодар полицейлері бұзақылық жасады деген күдікпен Новочерноярка ауылыныӊ 42 жастағы тұрғынын ұстады. 31 тамыз күні ол жергілікті 43 жастағы әйелге дене жарақаттарын салған, деп хабарлады ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен

Павлодар. 3 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодар полицейлері бұзақылық жасады деген күдікпен Новочерноярка ауылыныӊ 42 жастағы тұрғынын ұстады. 31 тамыз күні ол жергілікті 43 жастағы әйелге дене жарақаттарын салған, деп хабарлады ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Баспасөз қызметініӊ қызметкері Сәуле Мусинованыӊ айтуынша, полицейлер ұрып-соғу фактісі туралы автордыӊ әлеуметтік желілерге салған видеосынан көріп, білген. Ер адамныӊ тұлғасы анықталып, қазіргі кезде ол ешқайда кетпеу қолхатын толтырды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жәбірленген әйел ауруханаға жеткізілді, ол сауыққан соӊ барлық қажетті сараптамалар тағайындалады.

Аталған фактімен ҚР ҚК-ніӊ 293-бабымен (бұзақылық) сот алдындағы тергеу амалдары басталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны