21.01.2009, 16:40 2947

Павлодар тұрғынының өзін-өзі жарып жіберуіне жарты миллион теңге көлеміндегі қарыз себеп болған

Павлодар тұрғынының өзін-өзі жарып жіберуіне жарты миллион теңге көлеміндегі қарыз себеп болған

Павлодар. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар тұрғыны Анатолий Бессарабовтың "Транслайн" фирмасының кеңсесінде өзін-өзі жарып жіберуіне жарты миллион теңге көлеміндегі қарыз себеп болған, ол осы жөнінде хат жазып қалдырған. Бұл туралы бүгін өткен арнаулы баспасөз мәслихатында облыстық ІІД-нің Павлодар қалалық Солтүстік аймақтық ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры Нұржан Шақаров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ол өлерінің алдында әйеліне жолдау қалдырып, кінәні "Транслайн" фирмасына таққан", -деді Н. Шақаров. Оның айтуынша, қаза тапқан адам мен аталған коммерциялық ұйым арасында тоңазытқыш жабдықтары бар автокөліктер әкеліп беру жөнінде келісім-шарт болған.

"Транслайн" келісімнің шарттарын орындамаған. Илгі адам фирмаға рефрижераторлар жеткізіп беруге тиіс болған, бірақ, жәбірленушіге ақшасын төлемеген. Ол шығынды өтеп беру жөніндегі талаппен сотқа шағымданған. Ал фирма өз кезегінде қарсы шағым түсірген", - деді майор.

"Жәбірленушілердің айтуынша, сот тартысы болған. Олардың арасында азаматтық дау болған. Сот шығынды "Транслайн" фирмасның пайдасына шешкен", - деді полиция өкілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында Павлодар тұрғыны А. Бессарабов қаланың солтүсітігіндегі өнеркәсіптік ауданда орналасқан "Транслайн" ЖШС ғимаратына келіп, өзін-өзі жарып жіберген. Жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты.

Жарылыс кезінде онда 1949 және 1953 жылғы кәсіпорын директоры мен оның орынбасары күйікке шалдыққан, сондай-ақ, 19 жастағы экспедитор жарылыс алдында екінші қабаттан секіріп үлгерген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны