10.10.2007, 18:24 2821

Павлодарда 22-қазаннан бастап қоғамдық көліктердегі жол ақысы өседі

Павлодарда 22-қазаннан бастап қоғамдық көліктердегі жол ақысы өседі.

Павлодар. 10-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда 22-қазаннан бастап қоғамдық көліктердегі жол ақысы өседі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жол ақысын көтеру туралы шешім облыс орталығында тарифтерді көтеруге мораторий аяқталғаннан кейін қабылданған. Мораторий үстіміздегі жылдың 1-маусымынан 1-қазанға дейін қолданылды.

"Облыс орталығының билік өкілдері осы кезеңде қаланың транспорттық кәсіпорындарының басшыларымен жиналыс өткізіп, қалалық мәслихат депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізген: проблеманы зерделегеннен кейін тасымалдаушылардың ұсыныстары бойынша тарифті көтеру туралы шешім қабылданған, бұл жағдайдан шығудаң басқа жолы жоқ",- деп мәлім етті агенттік тілшісіне берген сұхбатында Павлодар әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Далабаева.

Оның айтуынша, тасымалдаушылардың жол ақыға ұсынып отырған тарифтері Қазақстаны Республикасының "Автомобиль көліктері туралы" заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес негізді деп танылды. Ол 2007 жылдың 22-қазанында енгізілетін болады.

Жол ақысын көтеру туралы ұсыныс жасаған "Павлодар облысының транспортшылары одағы" қауымдастығы жаңа тарифті тиімді, бірақ жеткіліксіз, деп отыр.

Бұрынғы тариф бойынша автобуста жүру ақысы 25 теңгеден 35 теңгеге дейін, микроавтобустарда - 30 теңгеден 40 теңгеге дейін, трамвайда - 22 теңгеден 30 теңгеге дейін көтерілді.

"Тасымалдаушылар тек 2007 жылдың аяғына дейін жеңілдік көрсетілетін азаматтардың - зейнеткерлер мен мүгедектердің жол жүру ақысын сақтап қалуға келісті, олар 2008 жылдың 1-қаңтарына дейін бұрынғы тариф бойынша жол ақысына 15 теңгеден төлейді",- деп атап өтті Г. Далабаева.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 7 жас пен 15 жас аралағындағы балалардың жол жүру ақысы, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көліктері туралы" заңына сәйкес толық жол жүру ақысының 50 пайызын құрайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны