08.12.2006, 10:10 2703

Павлодарда 3-ші ЖЭО болған апаттан кейін жағдай қалыпқа келтіріліп, қалаға жылу беріле бастады - қала басшысы

ПАВЛОДАР. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today. Павлодарда 3-ші ЖЭО болған апаттан кейін жағдай қалыпқа келтіріліп, қалаға жылу беріле бастады. Бұл туралы журналистерге Павлодар қаласының әкімі Бәкір Демеуов хабарлады.

"Павлодарлықтар енді алаңдамауларына болады. Қалаға жылу қажетті көлемде беріліп жатыр. Қазір станция қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр",-деді Б.Демеуов.Оның айтуынша, орталықта екі қазандық толығымен жұмыс істеп тұр. Жақын арада үшінші қазандық іске қосылып, төртіншісі де дайын қалыпта тұратын болады.

Демеуовтың айтуынша, "апаттың бір себебі - орталық басшылығының өз ісіне салғырт қарауында. Ирі ақауларды дер кезінде жөндеп жіберетін кәсіби мамандардың жетіспеушілігі де әсер етпей қоймаған".

Техникалық жақтан мүлтіксіз бақылау болмағандықтан қазандықтар тесіліп кеткен",-деді Демеуов.

"Ал апат болған екен, оның себебін анықтау қажет,-деп атап өтті. "Арнайы мамандаралған орындар мен атқарушы билік бірлесіп бұл істің қорытындысын шығаратын болады",-деп түсіндірді қала басшысы.

Павлодардың 3-ші ЖЭС қаладағы өзге станциялар арасында ең жаңа болып саналады. Ол "Павлодарэнерго" АҚ меншігінде.

Икімшіліктің мәліметтерінше, қазіргі кезде кәсіпорын қалаға жылуды жоспар бойынша 75 градус етіп беруде. Электр жарығын өндіру 440 МВт.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, өткен сейсенбі 14 сағат 27 минутта 3-ші ЖЭС апат болып бір қазандық істен шыққан болатын. № 6 қазандық тесіліп, оның салдарынан қалаға жылу айтарлықтай аз мөлшерде берілген еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны