11.07.2014, 20:23 7216

Павлодарда "Абайды үш тілде оқимыз" жобасы аясында оқушылар байқауы өтті

Павлодарда "Абайды үш тілде оқимыз" жобасы аясында оқушылар байқауы өтті. Оған барша облыстың мектеп оқушыларының түрлі ұлт өкілдері қатысты.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Павлодарда "Абайды үш тілде оқимыз" жобасы аясында оқушылар байқауы өтті. Оған барша облыстың мектеп оқушыларының түрлі ұлт өкілдері қатысты.

Екі күн бойы оқушылар Абай шығармаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқып сайысқа түсті, деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясының ресми сайты.

Аталмыш полилингвалді лагрьді өткізу ұсынысын "Бес Асыл" қоры төрағасы Ләззат Асқароваға тиесілі, ал шараға қолдау көрсеткен меценат "Партияның 50 тұлғасы" партиялық жобасы қатысушысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Нұрханова.

Шараға қолдау көрсеткен облыстық білім беру басқармасы.

Айта кету керек, жеңімпаздар ақынның туған жеріне экскурсияға аттанады.

"Мен бірнеше жылдар бойы дарынды балалармен жұмыс істеймін. Шет елдерде білім алған балалар қазақтың ұлттық құндылықтары мен мәдениеті мен болмысын жеткізе алмай жатады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз Абайды ағылшын тілінде оқытып, қазақтың мәдениетін әлемдік деңгейде танытуға күш салудамыз. Бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын таппақ", - дейді Ләззат Асқарова.

Естеріңізге сала кетейік, "Бес асыл" қоры жобасы "Нұр Отан" партиясы қолдауымен іске асырылған. Жоба аясында полилингвистикалық лагерьге шамамен 90 бала қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны