31.01.2008, 12:13 3107

Павлодарда аяз салдарынан мектептерде тағы да сабақты тоқтатуға тура келді

Павлодарда аяз салдарынан мектептерде тағы да сабақты тоқтатуға тура келді

Павлодар. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда аяз салдарынан мектептерде 1-9 сыныптар үшін тағы да сабақты тоқтатуға тура келді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық білім беру департаментінен хабарлады.

Мекеме мәліметінше, таңертеңгі сағат 6-да өңірде 30 градус аязды ауа температурасы тіркелді. "Аязға байланысты барлық жалпы білім беретін 432 мемлекеттік мектеп пен 6 жеке меншік мектепте 1-9 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды", -деп хабарлайды департаменттегілер.

Мекеменің хабарлауынша, Павлодар облысында ағымдағы жылдың басынан бері ауа температурасының төмендігіне байланысты осымен жетінші мәрте сабақ тоқтатылып отыр. Ұстаздар аяздардың салдарынан мектеп бағдарламасына нұқсан келді дейді. "Алда бізде аралық мемлекеттік емтихан, сосын облыстық олимпиада болуға тиіс, сол себепті біз балаларға сабақтарды үйде қайталауға кеңес беріп жатырмыз", - дейді департаменттегілер.

Шұғыл әрекет ету қызметтері өңірде үскірік аязға байланысты ешбір күрделі оқыс оқиға тіркелген жоқ деп хабарлайды. "Тіршілік қамтамасыздығына қатысты барлық нысандар қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде, автокөлік жолдары толығымен ашық", - деді төтенше жағдайлар басқармасындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны