23.05.2008, 15:35 2619

Павлодарда алдағы оқу жылында жаңа медициналық институт ашылады

Павлодарда алдағы оқу жылында жаңа медициналық институт ашылады

Павлодар. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда алдағы оқу жылында жаңа медициналық институт ашылады. Облыста медициналық жоғары оқу орнын ашу жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі мақұлдады, деп хабарлайды агенттік облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Павлодарда медицина мамандарын дайындайтын жоғары оқу орнының қажеттігі өңірде дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты. Ал басқа қалалардағы институттардың түлектері басқа өңірлерде дәрігер болып жұмыс істегісі келмейді", - деп атап өтті департаменттегілер.

Жаңа оқу орны үшін 4 мың шаршы метрден асатын оқу корпусы, клиникалық базалар мен заманауи диагностикалық және емдеу құрал жабдықтармен жабдықталған 13 ірі емдеу алдын алу мекемелері белгіленді.

"Павлодарда болашақ медицина институтының қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету үшін 300 млн теңге бөлінді ", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау департаментіндегілер. Сонымен қатар, ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарына 50 млн теңге қарастырылып,тағы да 130 млн теңге оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінеді. Ал студенттер үшін 250 орынға арналған жатақхана құрылысы жоспарлануда.

"Жоғары оқу орындарын аккредитациялау талаптарына сәйкес болу үшін институтқа №1 қалалық аурухананың клиникалық базасы мен үзіліссіз оқу орталығы ретінде Павлодардың медициналық колледжі бекітіледі.

Сөйтіп, Павлодарда "колледж-институт-клиникалық база" бірыңғай кешені құрылады. Бұл облыста мамандарды даярлаумен қамтамасыз етіп, тұрғындарға медициналық көмек көрсету қызметін жаңа деңгейге көтереді", -деп хабарлады департаментте.

Сонымен қатар, талапкерлерді медициналық институтқа тарту үшін облыс әкімінің шешімімен өңір басшысының атаулы гранттары қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны