12.02.2008, 16:23 3012

Павлодарда алғашқы тұмауға шалдығу оқиғалары тіркелді

Павлодарда алғашқы тұмауға шалдығу оқиғалары тіркелді

Павлодар. 12-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда алғашқы тұмауға шалдығу оқиғалары тіркелді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне аймақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, тұмауға шалдыққандардың үшеуі де 14 жасқа дейінгі балалар. "Емдеу мекемелері клиникалық көрсеткіштер бойынша диагноз қойған: жоғары температура мен әлсіздік. Қазір біз тікелей тұмау түрін анықтаудамыз", - деп атап көрсетті облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиология бөлімінің инфекциялық ауруларды қадағалау жөніндегі бас маман Зайпа Шадиева.

"Өткір респираторлық вирусты инфекция немесе тұмаудың өршігені туралы айтуға әлі ерте", - деді В. Шадиева. Эпидемиологтардың ақпаратына сүйенсек, өткен күні облыс аумағында 922 Өткір респираторлық вирусты инфекция мен ауырған жағдай тіркелген. Ол одан бұрынғы көрсеткіштерден 300-400 жағдайға көп. Бақылауға алынған аптада ауру деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 446 ауруды құрады.

"Барлығын осы апта көрсетеді. Қазір облыс бойынша жалпы жағдайды зерттеу үстіндеміз. Изірге, ауруханалар мен мектептерге ешқандай шектеулер қойылған жоқ", - деп атап көрсетті З. Шадиева.

Эпидемиологтардың айтуынша, қазіргі уақытта облыс аумағында тұмау пен вирусты инфекциялардың алдын алу айлығы жалғасуда. Медицина қызметкерлері мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда дәрістер өткізуде. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта вакцина егу көмектеспеуі де мүмкін. Себебі, ағза иммунитет түзуі үшін белгілі бір уақыт қажет.

Медицина қызметкерлері тұмаудың таралуына ықпал ететін бірнеше факторларды көрсетіп отыр. Олардың бірі - миграциялық үрдістер. Павлодар облысы Ресейдің Омбы, Новосибирск облыстарымен және Алтай аймағымен шектеседі. Сонымен қатар, ауру көлемінің ұлғаюына қоршаған орта жағдайы да әсер етуі мүмкін.

"Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі хабарлағандай, Павлодар облысында тұмаудың таралуына қатысты соңғы ең ауыр жағдай 2001 жылы тіркеліпті. Сол кезде облыстың 49 мыңнан аса тұрғыны ауруханаға жатқызылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны