05.02.2008, 19:27 3292

Павлодарда азық-түлік бағалары тағы да көтерілді

Павлодарда азық-түлік бағалары тағы да көтерілді


Павлодар. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардың сауда орындарында азық-түлік бағаларының қайта көтерілгендігі байқалады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Дүкенде жаңа бағалар ақпан айының басында пайда болды. Негізінен баға құны ет-сүт өнімдеріне, шай, балық пен ет конвервілеріне, майонез бен бірқатар кондитерлік өнімдеріне көтерілді.

Азық-түлік дүкендері иелерінің айтуынша, олар бағаларды көтеруге мәжбүр, өйткені, барлық өнімдердің құнын көтерме жеткізушілері белгілейді. Мәселен, "Рубиком" және "Молком" сияқты жергілікті фирмалардың шығаратын шұжық пен сүт өнімдерінің құны орташа есеппен 30 теңгеге қымбаттады. Ал басқа сүт өндірісшілері өздерінің тауар бағасын қаңтардың басында көтерген.

Дүкен сатушыларының айтуынша, жергілікті жерде шығарылатын майонездің құны 20 % өсті. Ал "Сүт" АҚ өндіретін бір литр сүт бұрынғы 59 теңгенің орнына 70 теңгеге сатылады. Ал басқа өнімдер бойынша бағалар 15-20 теңгеге қымбаттаған.

"Павлодарда өндірілетін азық-түлік тауарларымен қатар, көршілес ресейден әкелінетін өнімдердің құны өскен. Мәселен, ресейдің прәндігі 25% қымбаттады" - деді дүкен сатушысы.

Сабын, жууға арналған тауарлар орташа есеппен 5-10 % көтерілді. Тұра сондай пайызға темекі өнімдері мен сағыз өсті.

Ал көкөніс пен жеміс -жидек бағасы жаңа жылдың алдындағы деңгейде қалды. Мәселен, Павлодарда сатылатын 1 келі қызанақ 550 теңгеге, ал лимон 590 теңгеге сатылады. Сатушылар айтқанындай, жақын уақытта кейбір өнімдердің құны өзгеруы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны