08.02.2007, 17:42 2911

Павлодарда бас куәгерді пара беріп сатып алмақ болған адвокат шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айрылды

ПАВЛОДАР. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодарда бас куәгерді пара беріп сатып алмақ болған адвокат шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Аймақтағы сот процессуалдық тарихында адвокатты қылмыстық жауапқа тарту бұрын-соңды болмаған оқиға", - деді журналистермен әңгімесінде Павлодар облыстық соттың судьясы Мурат Көпбаев.

Қаладағы әйгілі адвокат Канидолла Жукин жүргізіген істің мән-жайы тергеу мүддесіне сай жарияланбай отыр. Бірақ, оның Солтүстік АІІБ бұрынғы бастығы Қанат Тағамбаевтың пара алу дерегіне байланысты екендігі белгілі.

Қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, сот қорғаушысына қатысты өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Куәгерді жалған жауап беруге мәжбүр ету" жөніндегі 354-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. "Адвокат сотқа куәгер ретінде тартылған 27 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын өзінің қорғауындағы адамның пайдасы үшін жалған жауап беруге итермелеген",- деді М. Көпбаев.

Сенімді ақпарат көзінен агенттік тілшісіне белгілі болғандай, куәгерді пара беріп сатып алу әрекеті іске аспаған адвокат Жукин оған күш көрсетпек болған. Бірақ, 27 жастағы павлодарлық олардың арасындағы әңгімені дыбыстаспаға жазып алған, ол осы істегі басты айғақзат болып отыр. Таспадағы жазбаға сүйенсек, сот қорғаушысы куәгерге өз шартын орындату үшін 7 мың АҚШ долларын ұсынған.

Сот үкімі бойынша К. Жукин шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айрылған.

М.Көпбаевтың айтуынша, "аталмыш қылмыс орташа деңгей санатына жатады, сондықтан да тағайындалған жаза да өте жеңіл".

Сот үкім шығарарда Жукиннің жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен алған жақсы мінездемелерін, сонымен қатар оның бұрын сотталмағандығын ескерген.

Осы күні бір адвокат жұмыссыздардың санын көбейтіп отыр. Оның лицензиясы қайтарылып алынды және де заң бойынша К.Жукин шарты түрде қамауда отырған мерізімінде адвокаттық қызметімен айналыса алмайды.

"Аталмыш өрескел оқиға барлық адвокаттар үшін сабақ болады, деп ойлаймын",- деді М. Көпбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны