16.08.2007, 17:55 2824

Павлодарда белгісіз біреу бір мәслихат депутаттығына үміткердің атынан "қайырымдылық" шарасын жариялаған

Павлодарда белгісіз біреу қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер Сергей Тупицынның атынан "қайырымдылық" шарасын жариялаған

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. ПАВЛОДАР. Павлодарда белгісіз біреу қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер Сергей Тупицынның атынан "қайырымдылық" шарасын жариялаған, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Үміткердің сайлау штабынан хабарлағандай, белгісіз біреу үміткердің атынан подъездерге сондай жарияны жапсырып кеткен. "Онда, біздің үміткер өзінің сайлау алды науқаны аясында мұқтаж жандарға бір-бір қап ұн мен қантты тегін таратып жатыр делінген",- деп түсіндіреді С. Тупицынның штабындағылар. Сондай-ақ сенімді тұлға мәтіннің соңында "Туған қаламның құрметіне" деген үміткердің ұранын да көрсеткен.

Штабтың мәліметтеріне сүйенсек, жария 52 көпқабатты үйдің подъездерінде түнде жапсырылған. "Таңертең бізге адамдар келіп, уәде етілген ұн мен қанттарын сұрай бастады, әрине біз оған таң қалыстық",- деп хабарлады үміткердің сенімді тұлғасы.

"Аталған жерлерге барып, біз осы үндеу парақтарының екі қабын жинап, осы оқиға жөніндегі шағыммен сайлау комиссиясы мен ішкі істер департаментіне жүгіндік",- деді үміткердің өзі агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

С. Тупицынның айтуынша, бір үйдің тұрғыны үндеу парақтарын жас жігіттер джип көлігімен келіп жапсырғандығын көріп қалған.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілердің оқиғаны түсіндіруінше, аталмыш дерек сайлау заңын өрескел бұзу болып табылады. Қазір полиция мұқият тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ мұндай заң бұзушылық Павлодар облысында бірінші рет тіркеліп отыр.

"Бұл "қара" пиардың нақ өзі, мен сайлауға дейін бұны кім істеуі мүмкіндігі жөнінде болжам айта алмаймын",- деді С. Тупицын. "Кім болса да шу шығарды, полицейлер оларды ұстайды деген үміттемін",- деп қосты ол.

Павлодар қалалық мәслихатының екінші және үшінші шақырылым депутаты 39 жастағы С. Тупицын "Нұр Отанның" партиялық тізімі бойынша сайлауға түседі.

Қалалық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, 22-ші округ бойынша С. Тупицыннан басқа тағы екі үміткер тіркелген - олар "Ауыл" социал-демократиялық партиясының өкілі Шахмурат Ахмер мен өзін-өзі ұсынған Аян Иділбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны