30.11.2007, 16:48 6200

Павлодарда билік өкілдері қар қалашығын салуға 20 млн теңге бөлді

Павлодарда билік өкілдері қар қалашығын салуға 20 млн теңге бөлді

Павлодар. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда билік өкілдері қар қалашығын салуға 20 млн теңге бөлді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Павлодардың тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, көлік және көлік жолдары бөлімінен хабарлады.

Бөлімнің ақпараттарына сүйенсек, жаңа жыл мерекесі болатын жер облыс орталығының орталық жағалауы болмақ. Онда қар қалашығынан басқа аймақтағы ең үлкен және ең әдемі безендірілген, биіктігі 15 метрден асып жығылатын шырша орнатылатын болады.

"Табиғи шырша орнатылады, және де Павлодар көшелерінде жаңа 2008 жылды табиғи шыршамен қарсы алу ең соңғы жыл болады",- деп хабарлады коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, облыс орталығының билік өкілдері Екібастұздағы әріптестерінен кейін табиғи ағаштарды кесуден бас тартып, оларды жасанды шыршалармен алмастырмақ.

Сондай-ақ облыс орталығының білім беру мекемелері - мектептер мен балабақшалар да жаңа жыл мерекесінде табиғи шыршаларды пайдаланудан бас тартып отыр.

Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктер "Ертіс орманы" резерватынан барлығы 3500-ден астам шыршаға тапсырыс берген екен. Үстіміздегі жылы жасанды шыршалардың үлесі осы көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

Жаңа жыл мерекесін ұйымдастырушылардың мәліметтеріне сүйенсек, ашылуы желтоқсанның 20-шы жұлдызына межеленген қысқы қалашық мұнаралары мен көпірлері бар орта ғасырдың мөлдір сарайы сияқты болады. Сондай-ақ жыл айларының 12 белгісін сомдайтын мүсіндер де орнатылады. Қалашыққа келген қонақтар Аяз ата мен Ақшақардан басқа шығыс күнтізбесі бойынша келе жатқан Тышқан жылының символымен - көптеген тышқандармен кездесетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны