24.09.2007, 18:37 2960

Павлодарда депутаттар әкімшіліктен негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын қабылдауды талап етуде

Павлодарда депутаттар әкімшіліктен негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын қабылдауды талап етуде.

Павлодар. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардың қалалық мәслихатының депутаттары әкімшіліктен негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты шұғыл шараларын қабылдауды талап етуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Кеше Павлодар қалалық мәслихаттың депутаттар тобы тұтынушы нарығындағы істің шынайы ахуалын анықтау үшін азық-түлік дүкендеріне өзіндек рейд жүргізді. "Мен дүкендерге сирек барамын, оны әдетте менің жұбайым істейді, бірақ менің бүгінгі көргенім, әрине мені қатты қамықтырды",- деп мәлім етті Асқар Бахралинов. Сауда орындарына барып, сатып алушылардың пікірлерін тыңдап қайтқан халық қалаулысының айтуынша, "азық-түлік бағасының бұлай өсуі қылмыспен тең".

"Нан, түтік кеспе, май - бұлар бағасы қатаң түрде мемлекетпен реттелетін әлеуметтік өнімдер, сондықтан да олар көптеген адамдардың негізгі тағамын құрайды, бірақ мұнда ешкімнің де шаруасы жоқ",- деп атап өтті депутат. Оның пайымдауынша, бұл жағдайға дер кезінде тосқауыл қоймаған жергілікті атқарушы органдар кінәлі. "Аймақта баға саясатына жауап беретін екі орган бар, сонымен қатар бөлімдер мен халықты, кәсіпкерлікті, экономиканы қорғайтын басқармалар бар. Оның бәрі қайда қарап отыр?",- деді А. Бахралинов.

Халық қалаулысының мәліметтеріне сүйенсек, соңғы уақыттарда аймақтағы нан бағасы 10-15 теңгеге өскен, ал күнбағыс майының құны екі-үш есеге өсіп отыр. Сондай-ақ ұнның, түтік кеспе өнімдері мен басқа да негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы да күрт көтерілді. "Бизнесмендер жаңа астық өнімінің бағасы күрт өсті деп түсіндіріп бағуда, бірақ олардың бүгінде сатып отырған өнімдерінің барлығы да жаңа астық емес, өткен жылғы астық емес пе",- деді Асқар Бахралинов.

Оның пайымдауынша, азық-түлік нарығында бағаны ымыраласа белгілеу байқалып отыр. "Бізге кейбір фирмалар мен жекелеген кәсіпкерлердің азық-түлікті бағасының қайта өскен күтіп, әдейі қоймаларда сақтап отырғандығы белгілі болды",- деп атап өтті халық қалаулысы.

Асқар Бахралиновтың хабарлауынша, павлодарлық депутаттар тобы тиісті мемлекеттік органдарға осы ахуалды түсіндіру туралы және жергілікті атқарушы органдардан бағаны тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауды талап еткен ресми сұраумен жүгінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны