20.03.2012, 13:21 3718

Павлодарда егілмеген сәби туберкулезге шалдықты

Павлодарда ата-анасы БЦЖ екпесінен бас тартқан 1 жасар бала туберкулезге шалдықты. Бұл туралы Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім бастығы Марина Раденцева мәлім етті.

Павлодар. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Павлодарда егілмеген сәби туберкулезге шалдықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Павлодарда ата-анасы БЦЖ екпесінен бас тартқан 1 жасар бала туберкулезге шалдықты. Бұл туралы Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім бастығы Марина Раденцева мәлім етті.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мәліметіне қарағанда, баланың ата-анасы перзентханада-ақ өзінің баласына екпе жасатудан жазбаша бас тартқан. Бүгінде, балаға бір жыл толғанда, дәрігерлер одан туберкулез дертін анықтап отыр.

"Алғаш рет егілмеген баладан туберкулез анықталды. Дегенмен бүгінде Павлодарда тағы 50 ата-ана балаларына екпе жасатудан үзілді-кесілді бас тартуда", - деп хабарлады Раденцева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны