23.01.2007, 15:41 3189

Павлодарда екі күн ішінде тұмауға қатысты 27 оқиға тіркелді

ПАВЛОДАР. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Павлодарда соңғы екі күн ішінде тұмауға қатысты 27 оқиға тіркелді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

Эпидемиология бөлімінің бастығы Владимир Чуклиновтың сөзіне сүйенсек, "бұл биылғы қыста аймақ аумағында тұмауға шалдығуға қатысты бірінші толқын". Ол, індет түрі әзірге анықталмай отырғандығын атап өтті. "Біз 34 сынама алып, зерттеу нәтижесін күтіп отырмыз, бірақ дәл қазір карантин шараларын жүргізудің қажеттігі туған жоқ",- деді В. Чуклинов.

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, қаңтардың басынан бері аймақ аумағында барлығы 3 мыңнан астам респираторлық дертке шалдығу оқиғасы тіркелген. Тұмаудың асқынуы салдарынан қайтыс болу дерегі тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта, эпидемиологтар тек Баянауыл ауданындағы жалғыз мектепте бір апталық карантин жариялап, жапқан. "Біз аймақтағы ахуалды негізінен тұрақты деп бағалап отырмыз",- деді В. Чуклинов.

Оның сөзіне сүйенсек, Павлодар облысында қысқа дейін тұрғындардың кейбір бөлігіне тұмауға қарсы жаппай вакцина егу науқаны жүргізілді. 33 мыңнан астам адам тұмауға қарсы егілді, бұлар негізінен жабық балалар мекемесінің, балалар үйінің, интернаттарда тәрбиеленушілер, сонымен қатар аурухана, құқық қорғау органдары мен апаттық-құтқару қызметінің ұжымдары.

"Індеттің қайсы түрі анықталса да (А1, А2, В) біздің қызмет індеттің таралуына қарсы жедел шара қолдануға дайын",- деді эпидемиология бөлімінің бастығы. Оның сөзіне сүйенсек, мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінің мамандары індеттің таралуына қарсы әрекеттердің арнайы жоспарын әзірлеген. Эпидемиологтар қажет болған жағдайда жергілікті медициналық университет пен колледждің соңғы курстарының студенттері арасынан қосымша күш жұмылдыруға дайын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны