18.06.2010, 12:19 2782

Павлодарда Ертістің жағалауындағы табиғатты қорғау аймағына облыстық прокуратура ғимараты салынбақ телеарна

"Павлодарда саябақ аумағы төңірегіндегі дау өршіп тұр. Бұл жолы облыстық прокуратураның жаңа ғимараты салынады деген Ертістің орталық жағалауы назарға іліккен. Құқық қорғаушылар бөлінген жердің құрылыс салуға тыйым салынған саябақтық аумақта орналасқандығына наразы. Бірақ, прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, жергілікті билік өкілдері бұл жерден басқа қолайлы орын таба алмаған",- деп хабарлайды телеарна.

Алматы. 18-маусым. Kazakhstan Today Павлодарда Ертістің жағалауындағы табиғатты қорғау аймағына облыстық прокуратураның жаңа ғимараты салынбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

"Павлодарда саябақ аумағы төңірегіндегі дау өршіп тұр. Бұл жолы облыстық прокуратураның жаңа ғимараты салынады деген Ертістің орталық жағалауы назарға іліккен. Құқық қорғаушылар бөлінген жердің құрылыс салуға тыйым салынған саябақтық аумақта орналасқандығына наразы. Бірақ, прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, жергілікті билік өкілдері бұл жерден басқа қолайлы орын таба алмаған",- деп хабарлайды телеарна.

"Саябақтық аумақ бұл жағалау, бұрындары бұл жерге жергілікті атқару билігінсіз ешқандай құрылыс салуға болмайтын. Бүгінде жергілікті атқару билігі бұл мәслихат, егер олар рұқсат беріп отырса, онда әкімшілік солардың рұқсаттарымен құрылыс салмақ немесе құрылыстың түсуіне рұқсат бермек",- дейді құқық қорғаушы Юрий Павленко.

"Бірақ, депутаттар жер бөлу туралы ешқандай рұқсат бермегендіктері белгілі болды. Наразы заңгерлерге енді жергілікті тұрғындар мен экологтар қосылып отыр. Ертіс жағалауы тұрғындардың сүйікті демалыс орны. Құрылыс түсетін орынды есептесе, ең кемінде 200 ағашты кесуге тура келеді",- деп атап өтті телеарна.

Естеріңізге сала кетейік, бұл соңғы күндердегі Павлодардағы саябақ аймақтарына қатысты екінші дау.

Атап айтқанда, Павлодар басшылары өнеркәсіптік аймақты тұрғын үйлерден бөліп тұрған саябақтың ағаштарын кесу туралы қайтадан шешім қабылдаған болатын. Бұл жолы саябақтың орнына көпқабатты үй салыну жоспарланған. Жергілікті тұрғындар өнеркәсіптің зиянды қалдықтарымен демалатындықтарына алаңдаулы. Бір жыл бұрын әкімшілік осы саябақтың орнына жас экологтарға арналған мектеп салмақ болған.

"Жергілікті басшылар жартығасырлық 6 мың ағаш өсіп тұрған саябақтыың орнына көпқабатты үй салу туралы шешім қабылдады. Ықшамауданның тұрғындары бұл шешімге қарсы. Саябақ өнеркәсіп пен тұрғын үйлердің арасындағы жасыл белдеу. Саябақтың жанында алюмини және электролиз зауыты бар",- деп хабарлады КТК.

Ал әкімшіліктегілер "екі 9 қабатты тұрғын үй салатын қала шетінен басқа учаске іздемейтіндіктерін" мәлім еткен. Олардың айтуынша, коммуникация тарту тым қымбатқа түседі. Және де, шенеуніктер саябақтың барлығы емес, тек екіжүздей ғана ағаш кесілетіндіктерін айтып бағуда. Құрылыс салатын жер бөлініп те қойған",- деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны