27.02.2008, 18:45 3450

Павлодарда иттің үйшігінде тұрып жатқан бала анықталды

Павлодарда иттің үйшігінде тұрып жатқан бала анықталды

Павлодар. 27-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда ата-анасы тәрбие ісімен айналысудан бас тартып иттің үйшігінде тұруға мәжбүрлеген бала табылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің тілшілерге хабарлағанындай, бұл оқиға туралы учаскелік аға дәрігер полицияға хабарлағаннан кейін ғана мәлім болған. Ол баланың суық дәлізде тұрып, иттің үйшігінде ұйықтайтынын хабарлаған. Оның көрсеткен мекенжайына кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ісі жөніндегі инспекторлар барған.

"Жеті жасар Светаны шынында да ағаш үйшікте отырған кіреберіс дәлізден тауып алдық", - деп атап көрсетті ІІД.

Полицияның айтуынша, бала әлжуаз және арық болып көрінген. "Отбасындағы үлкендердің (отбасында үш адам болған: әкесі, шешесі және әжесі) ешқайсысы да бала тәрбиесімен айналыспағаны анықталды", - деді баспасөз қызметіндегілер. Баланы кей-кейде көршілері тамақтандырған. Жылы киімді де бергендер солар. "Отбасының жағдайы мәз емес болып шықты. Үлкендері анда-санда тапқан табыстарымен күн көрген", - деп атап көрсетті ІІД.

Баланы жетімханаға алып кетті. Қазір әкесі мен шешесін ата-ана құқынан айыру туралы құжаттар әзірлену үстінде. "Процессуалдық шешім қабылданатын болады. Аталмыш дерек бойынша кәмелеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеу міндеттін орындамау және балаға қаталдық жасалғаны үшін тергеушілердің қылмыстық іс қозғаулары мүмкін", - деп түсіндірді ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны