18.09.2007, 13:47 1656

Павлодарда қаланың су тоғандарындағы балықтар қырылып жатыр

Павлодарда қаланың су тоғандарындағы балықтар қырылып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, балықтар жексінбі күні кешке су бетіне қалқып шыға бастаған.

Павлодар. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда қаланың су тоғандарындағы балықтар қырылып жатыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне су тоғандарының маңын мекенденетін тұрғындар хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, балықтар жексінбі күні кешке су бетіне қалқып шыға бастаған.

Ауылшаурашылық министрлігінің Павлодар қаласының аймақтық инспекциясының мамандары агенттік тілшілерінің сұрауы бойынша оқиға болған жерге барып, өзенді тексерген. "Біздің мамандар кешеден бері су тоғандарын тексеруде, бірақ әзірге зерттеу нәтижесі жоқ, балықтардың қырылу себебі туралы айту қиынға соғып тұр",- деп хабарлады тілшіге берген сұхбатында қалалық аймақтық инспекция бастығы Жұмажан Паруов.

Оның айтуынша, кеше су тоғандарында жұмыс істеп жатқан мобильдік топ 2 кг жуық өлген балықты зертханалық зерттеуге жіберген. Мамандар, көлге бөтен сұйықтың құйылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. "Екі болжам бар: балықтар не уланған, немесе, олар қандайда бір індеттен қырылуда",- деп санайды Ж. Паруов.

Қамыс өзені деп аталатын көл балаларға арналған темір жол аумағында орналасқан, ол қаланың коммуналдық меншігінде. Су тоғаны жер асты суымен толады. Оның аумағы шамамен 150 де 100 метрді құрайды.

Жергілікті тұрғындар көл бетіне шығып қалған шабақтарды жинай бастады. Бірақ мамандар, бұл балықтарды тамаққа пайдалануға тыйым салынатындығын ескертеді. "Балықтардың неден қырылғандығы әлі белгісіз, сондықтан да бұл балықтарды жеуге болмайды, мұның салдары жақсылыққа апармауы мүмкін",- деп ескертті Ж. Паруов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны