18.09.2006, 13:47 3093

Павлодарда қатаң тәртіпті абақтыдан қашпақ болған адам оққа ұшып өлді

ПАВЛОДАР. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодарда қатаң тәртіпті абақтыдан қашпақ болған адам оққа ұшып өлді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ әскери тергеу бөлімінен хабарлады.

Искери тергеушілердің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға өткен сенбіде 18 сағат 50 минутта қатаң тәртіпті АП-162/4 абақтысында болған. 47 жастағы сотталған азамат Анатолий Борисов 4-ші күзет бөлімінің тұсындағы негізгі қоршаудан өтуге әрекет жасаған. Қарауыл ескерту мақсатында оқ атқанымен, сотталған азамат тоқтамаған. "Осыдан кейін 6679 әскери бөлімшенің 21 жастағы ефрейторы тәртіп бойынша қашқынды нысанаға ала оқ атуға мәжбүр болған",- дейді тергеушілер. Арқасынан оқ тиген әлгі оқиға орнында жан тапсырған.

Қазір қашуға әрекет жасау дерегіне байланысты тергеу-тексеру басталды. "Қылмыс субьектісі қаза табуға байланысты қылмыстық іс қозғалмайтын шығар",- дейді әскери тергеу бөліміндегілер.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қашуға шешім қабылдаған тұтқын 2004-жылдың 25-мамырында басқаның автокөлігін айдап әкетуге байланысты ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 185-бабы, 1-тармағына сәйкес үш жылға бас бостандығынан айрылған. Оның еркіндікке шығуына 9 ай уақыт қана қалыпты. "Ол қауіпті әрі қашып кетуі мүмкін қылмыскерлердің тізімінде болмаған",- деп хабарлайды әскери тергеу бөлімі.

Бұл Павлодар облысындағы абақтылардан қашып кетуге жасалған биылғы екінші талпыныс. 18-мамырда АП-162/2 түзету мекемесінен екі тқтқын қашып кетуге әрекет жасаған. Олардың біреуі оқиға орнында оққа ұшса, екіншісі ауыр жарақаттанды.

Павлодар облысы аумағында барлығы 5 , соның ішінде қатаң тәртіпті 3 абақты бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны