16.08.2007, 17:12 2925

Павлодарда Қазақстанда тіркеусіз 8 жыл тұрған Украина азаматы құрықталды

Көші-қон полициясының қызметкерлері Қазақстанда тіркеусіз 8 жыл тұрған Украина азаматын құрықтады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. ПАВЛОДАР. Көші-қон полициясының қызметкерлері Қазақстанда тіркеусіз 8 жыл тұрған Украина азаматын құрықтады, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Ел аумағында заңсыз тұрған украиндық азамат "Құқық және тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шара барысында ұсталған.

Заңсыз тұрғынның тарихы құқық қорғау органының қызметкерлерін таң қалдырды. Және де олар оған азаматтық алу мәселесін шешуге көмектесуге уәде берді. "Ұсталған азамат 1998 жылы Киевте Павлодар облысынан келген бір әйелмен танысып, олардың арасында жақын байланыс басталған, бірақ олар ресми түрде тіркелмеген. Аяғы ауыр жас әйел туған жері Павлодарға қайтып кетеді, осы жерде оның ұлы туған",- деді баспасөз қызметіндегілер. Осыдан кейін, сәбидің науқас екендігін білген Киевтің тұрғыны 1999 жылдың наурызында мемлекеттік шекараны заңсыз асып, ұлына көшіп келген.

"Осы уақыт бойы ол әртүрлі жұмыстар істеген, олар некеге тұрмаған. Уақыт өте келе әйел ішімдікке салынып кетеді де, ата-ана болу құқығынан айрылады, сөйтіп бала интернатқа жіберіледі. Баланың әкесі барлық қиындықтаға қарамастан Қазақстанда қалып, осы уақытқа дейін баласына барып тұрады, ол тек ұлы үшін өмір сүреді десе де болады",- деп атап өтті аймақтың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

43 жастағы ұсталған полицейлерге өзінің тек жалғыз себепке бола тіркелмей жүргендігін мойындаған - ол өзін отанына экстрадициялаудан қорыққан. Қазір оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабының 1-тармағы бойынша (мемлекеттік шекараны заңсыз асу) айып тағылды.

"Бізге көші-қон қызметі оның барлық тарихын ескере отырып, оған Қазақстан азаматтығын алуға көмектесуге уәде берді. Ике мен баланы айыруға болмайды",- деп мәлім етті Ж. Белялова.

Полицейлердің айтуынша, жалғыз қиындық тудыратын жағдай - оның әке екендігін растау үшін баланың анасын табу қажет болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны