10.06.2016, 18:18 5167

Павлодарда куәгерлер ер адамныӊ подъезге кішкентай қызды қалай сүйретіп кіргізгенін түсіріп алған

Павлодарда куәгерлер Бектұров көшесінде ер адамныӊ көп қабатты тұрғын үйдіӊ подъезіне кішкентай қызды қалай сүйретіп кіргізгенін түсіріп алған

Павлодар. 10 маусым. Kazakhstan Today - Павлодарда куәгерлер Бектұров көшесінде ер адамныӊ көп қабатты тұрғын үйдіӊ подъезіне кішкентай қызды қалай сүйретіп кіргізгенін түсіріп алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Агенттікке ақпараттандырылған дереккөз хабарлағандай, кеше сағат тоғыздыӊ кезінде қыздыӊ анасы полицияға жүгініп, 50-60 жастағы ер адамныӊ қызын жәбірлегенін айтқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Полицейлер күдіктіні кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншекке зорлық көрсету үстінде ұстаған. Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді дереккөз.

Ер адамныӊ құрықталғаны туралы Instagram әлеуметтік желісініӊ қолданушылары да жазуда.

Рavlodarnews.kz АА Павлодар облысы ІІД-не ресми хат жолдап, түсінік беруін күтуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны