12.09.2007, 16:41 3047

Павлодарда мектеп аумағынан жаңа туған тастанды қыз бала табылды

Павлодарда мектеп аумағынан жаңа туған тастанды қыз бала табылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. ПАВЛОДАР. Павлодардың № 2 мектебінің аумағынан жаңа туған тастанды қыз бала табылды. Сәби облыстық нәрестелер орталығына жеткізілді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Қыз баланы Павлодардың орталығнда орналасқан № 2 мектеп аумағында ағаштың астына қалдырып кеткен. "Жедел жәрдем" бөпені облыстық нәрестелер орталығына жеткізді, мұнда белгісіз біреу тастанды бала туралы жасырын хабарлаған",- деді нәрестелердің патологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Роза Хасенова. Ол, сондай-ақ баланың дүниеге келгенінен небәрі үш аптадай ғана болғандығын, "балаға суық тимегендігін, жаялық пен көрпеге оралғандығын, бір сөзбен айтқанда күтімдегі бала екендігін, нәрестенің физиологиялық және эмоциялық тұрғыдан сау екендігін" хабарлады.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша қыздың денесінде дәрі құю іздері бар. Бұл баланың туғаннан кейін емделгендігінің куәсі.

Тастанды балаға бөлімшедегі баланы қабылдап алған медбикелер Александра мен Светлананың атымен Саша Светличая деп атады.

Бөлім меңгерушісінің айтуынша, заңға сәйкес нәресте ауруханада толық медициналық тексеруден өткенше ең кемінде екі аптаға дейін жатады. Содан кейін баланы тұл жетім ретінде рәсімдеп, бөбектер үйіне жібереді. "Баланың жағдайы өте жақсы, денсаулығы мықты, тынышты, егер оның жақындары табылмаса өте өкінішті",- деді Роза Хасенова.

Қазіргі уақытта полиция қыздың анасының кім екендігін анықтауда. Сонымен қатар дәрігерлер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баланың жақын туыстары болса хабарласуларын сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны