15.01.2007, 16:28 3303

Павлодарда облыстық соттың баспасөз орталығы ашылды

ПАВЛОДАР. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Павлодарда облыстық соттың баспасөз орталығының ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл Қазақстанның аймақтық соттарының арасындағы бірінші баспасөз орталығы. Жаңа ғимаратта журналистердің дұрыс жұмыс істеулері үшін барлық жағдай жасалған: интернетке қосылған компьютер, телефондар мен факстер бар.

"Біз демократияға ұмтыламыз және де қоғам жедел және нақты ақпараттарды тікелей алуға тиіс, әсіресе бұл сот шешімдеріне, яғни қылмыс пен жазаға қатысты болса",- деді Павлодардың облыстық сотының төрағасы Ермек Серекбаев.

Оның сөздерінің сүйенсек, баспасөз орталығында қоғам тарапынан қызығушылық танытылған процесс бойынша соттар, адвокаттар мен прокуратура өкілдері тұрақты кездесулер өткізіп тұрмақ. "Біз халықты мейлінше хабардар етуге тырысамыз",- деді Павлодар облыстық сотының төрағасы.

Сондай-ақ, баспасөз орталығында қызметтік этиканы сақтау мәселелеріне қатысты соттармен кездесулер өткізу жоспарланып отыр. "Соттарды сынап-сөгуге болмайды деген бұрынғы қатып қалған қағидадан бас тартып, қандайбір проблема туралы ашық айту керек",- деп атап өтті Е. Серекбаев.

Оның сөзіне сүйенсек, есепті 2006-жылы Павлодар облысында 12 сот қызметкеріне қатысты 15 тәртіптік іс қозғалған.

Сонымен қатар, бүгін журналистерге алқа билердің қатысуымен өтетін сот процесстеріне арналған жаңа зал көрсетілді. Зал жаңа жиҺаздармен және де сот отырысындағы дыбыс-бейне жазбаларға арналған аппаратурамен жабдықталған. Сотталушыға арналған орын темір тормен емес, оқтан қорғайтын әйнек қалқамен қоршалған. Алқа билердің қатысуымен өтетін сот залын жөндеу жұмыстары мен қайта жабдықтауға республикалық бюджеттен 3 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Е. Серекбаевтің сөзіне сүйенсек, Павлодардағы алқа билердің қатысуымен өтетін бірінші процесс осы жылдың қаңтар айының аяғы мен ақпан айының басында өтуге тиіс. Облыстық сотта алқа билердің тізімі жасалған. Осында жылына қаралатын 50 қылмыстық іс есебі бойынша алқа билердің тізімі 5007 адамды құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны